"Болашақ" бағдарламасы: бакалавриатқа бөлінетін гранттардың саны жарияланды

© Photo : пресс-служба корпоративного Фонда "Болашақ"Астанадағы қайырымдылық балы
Астанадағы қайырымдылық балы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Жазылу
Бакалавриатқа бөлінетін гранттардың саны жыл сайын өзгеріп тұрады
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасы аясында бакалаврға бөлінетін гранттардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде заңға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары "Болашақ" бағдарламасы аясында шетелде бакалавриат оқи алады. Бірақ биыл ондай мүмкіндік болмайды.
"Қазір заңға өзгерістер енгізілді. Биыл біз үлгермейміз. Оны егжей-тегжейлі қарастыруымыз қажет", - деді Нұрбек үкіметте өткен брифингте.
Ал бакалавриатқа бөлінетін гранттардың саны жыл сайын өзгеріп тұрады.
"Стипендияның саны жыл сайын өзгеруі мүмкін. Бірақ шамамен 10-20 гранттан аспайтын шығар. Неге десеңіз, қазір бәсеке өте жоғары. Халықаралық сайыстарға жеңіске жеткен балаларды шетелде бірден алып кетеді. Біз де оларды алып кетуге тырысуымыз қажет", - деді министр.
Айта кетері, қаңтарда сенат білім беру заңнамасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Соның аясында халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары "Болашақ" бағдарламасымен де тегін оқуға мүмкіндік алады.
Казахстанские школьники на Европейской юношеской олимпиаде по информатике EJOI-2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Дарынды оқушылар конкурсқа қатыспай грант алады – заң президентке жіберілді
Жаңалықтар
0