https://sputnik.kz/20250123/daryndy-oqushylar-konkursqa-qatyspay-grant-alady--zan-prezidentke-zhiberildi-50220873.html
Дарынды оқушылар конкурсқа қатыспай грант алады – заң президентке жіберілді
Дарынды оқушылар конкурсқа қатыспай грант алады – заң президентке жіберілді
Sputnik Қазақстан
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары "Болашақ" бағдарламасымен де тегін оқуға мүмкіндік алады 23.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-23T12:20+0500
2025-01-23T12:20+0500
2025-01-23T12:20+0500
заң жобасы
https://sputnik.kz/img/07e8/08/14/46466402_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d659832353465cc704bdc457860a1970.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаттары білім беру заңнамасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң аясында енгізілген өзгерістердің бірі – халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранттарын беру. Жоғары білім және ғылым вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлының атйуынша, заң қабылданғаннан кейін нақты мамандықтардың тізімі әзірленеді. Соның негізінде дарынды оқушылар конкурсқа қатыспай, грант алатын болады. Ал халықаралық конкурстардың тізімі белгілі.Арнайы комиссия да құрылады. Оған халықаралық ғылыми жобалардың I,II және III орын жеңімпаздары қажетті құжаттарды тапсырады. Ал республикалық комиссия соңғы шешімді қабылдайды.Айта кетері, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары "Болашақ" бағдарламасымен де тегін оқуға мүмкіндік алады.Бүгін сенаторлар заңды бірауыздар мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/14/46466402_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_25f4db18bf52caaccb0a6d8921bfdb22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заң жобасы
Дарынды оқушылар конкурсқа қатыспай грант алады – заң президентке жіберілді
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары "Болашақ" бағдарламасымен де тегін оқуға мүмкіндік алады
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Сенат депутаттары білім беру заңнамасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң аясында енгізілген өзгерістердің бірі – халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранттарын беру. Жоғары білім және ғылым вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлының атйуынша, заң қабылданғаннан кейін нақты мамандықтардың тізімі әзірленеді. Соның негізінде дарынды оқушылар конкурсқа қатыспай, грант алатын болады. Ал халықаралық конкурстардың тізімі белгілі.
"Мәселен, физика, инженирия, математика мен информатика бойынша халықаралық олимпиадалар бар. Ондай олимпиадалардың саны шектеулі. Дәл сол олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушылардың саны білім деңгейін көрсетеді", - деді Жұмақанұлы сенатта өткен брифингте.
Арнайы комиссия да құрылады. Оған халықаралық ғылыми жобалардың I,II және III орын жеңімпаздары қажетті құжаттарды тапсырады. Ал республикалық комиссия соңғы шешімді қабылдайды.
Айта кетері, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары "Болашақ" бағдарламасымен де тегін оқуға мүмкіндік алады.
Бүгін сенаторлар заңды бірауыздар мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді.