https://sputnik.kz/20250522/bala-tuu-zhane-bala-kutimine-300-mlrd-tenge--zhardemaqy-tolendi-53771292.html
Бала туу және бала күтіміне 300 млрд теңге жәрдемақы төленді
Бала туу және бала күтіміне 300 млрд теңге жәрдемақы төленді
Sputnik Қазақстан
2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген 22.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-22T09:16+0500
2025-05-22T09:16+0500
2025-05-22T09:16+0500
сәби
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e8/04/02/43378237_0:1106:2048:2258_1920x0_80_0_0_d1ca50c64649ab455d286c65a7a0131b.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Жыл басынан бері баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 299,8 млрд теңгеге 293,9 мың адам қамтылды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 21,1 млрд теңге сомаға 117 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 5,5 млрд теңге сомасын 30,5 мың адам алды.Айта кету керек, бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
https://sputnik.kz/20250113/endi-tuu-turaly-kualikti-khqko-ga-barmay-aq-aluga-bolady-49921486.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/02/43378237_0:914:2048:2450_1920x0_80_0_0_d0e7c8bdb7192b1d4082c27121ecb89d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сәби, жәрдемақы
Бала туу және бала күтіміне 300 млрд теңге жәрдемақы төленді
2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Жыл басынан бері баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 299,8 млрд теңгеге 293,9 мың адам қамтылды, деп хабарлады
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 21,1 млрд теңге сомаға 117 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 5,5 млрд теңге сомасын 30,5 мың адам алды.
Айта кету керек, бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.
"Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 14,4 млрд теңге сомасын орта есеппен 123,3 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 3,7 млрд теңге сомасын 124,1 мың адам алды", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.
Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.