Алматыда электромобильдерді қуаттайтын 311 орын пайда болады

© Photo : Пресс-служба Ассоциации казахстанского автобизнесаЭлектр қуаттау бекеті
Электр қуаттау бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2025
Жазылу
1 сәуірдегі мәлімет бойынша Алматыда 8 385 электр көлігі тіркелген
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы электр қуаттау бекеттеріне арналған 311 жер учаскесін бөлді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Бекеттердің әрқайсысын конкурс арқылы отандық инвесторлар орнатады.
Әр бекетте екі автотұрақ болады, барлық нысан іске қосылғаннан кейін қалада электр көліктерін қуаттауға арналған 622 жаңа орын пайда болады.
Бекеттер базар, дәмхана, саябақ пен өзге де қоғамдық орын сынды халық көп жиналатын жерлерге орнатылады. Барлық нысанды жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда Алматыда 300-ден астам электр қуаттау бекеті жұмыс істеп тұр. Бұл жоба 2029 жылға дейінгі электр көліктер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі "жол картасы" аясында жүзеге асырылып жатыр және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
1 сәуірдегі мәлімет бойынша Алматыда 8 385 электр көлігі тіркелген – бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ке көп.
Электромобиль Mazda CX-60 на выставке  e-Motor в Ливане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2025
Шымкентте шенеунік бюджет қаражатына әйеліне электромобиль сатып алған
Жаңалықтар
0