https://sputnik.kz/20250430/shymkentte-sheneunik-byudzhet-qarazhatyna-ayeline-elektromobil-satyp-algan-53030751.html
Шымкентте шенеунік бюджет қаражатына әйеліне электромобиль сатып алған
Шымкентте шенеунік бюджет қаражатына әйеліне электромобиль сатып алған
Sputnik Қазақстан
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифинг барысында айтты 30.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-30T22:43+0500
2025-04-30T22:43+0500
2025-04-30T22:43+0500
бюджет қаражаты
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0c/34806793_0:156:3000:1844_1920x0_80_0_0_d690a6759bad6581cba354f3903eee67.jpg
АЛМАТЫ, 30 сәуір - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген брифингте мемлекет қаражатын талан-таражға салғандар ақшаны қайда жұмсағаны айтылды.Мәселен, Шымкентте мемлекеттік қызметкер бюджет қаражатына әйеліне электромобиль сатып алған.Ал Жетісу облысында бюджет қаражатын жымқырғанның үйіне тінту жүргізілгенде шетелдік банктің реквизиттері көрсетілген қаржылық құжаттар табылды.Ұрланған қаражаттың бір бөлігі көрсетілген шетелдік банктегі шоттарға аударылғаны белгілі болды.Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті адам қылмыстық жолмен алынған қаражатқа алынған автокөлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген.Жетісу облысында жүргізілген қаржылық тергеу нәтижесінде жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын мүлік, соның ішінде ақша қаражаты, алты автокөлік және бір пәтер анықталып, тәркіленген.Айта кетейік, шетелден 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,13 трлн теңгеден астам актив қайтарылды. Оған қазіргі уақытта әлеуметтік нысандар салынып жатыр.
https://sputnik.kz/20231002/shymkenttik-sheneunikter-urlangan-aqshaga-astanadan-qymbat-pater-satyp-aldy--tergeu-bastaldy-38930952.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0c/34806793_167:0:2834:2000_1920x0_80_0_0_e15bf26a74c61d18755bc7711818d024.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет қаражаты
Шымкентте шенеунік бюджет қаражатына әйеліне электромобиль сатып алған
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифинг барысында айтты
АЛМАТЫ, 30 сәуір - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген брифингте мемлекет қаражатын талан-таражға салғандар ақшаны қайда жұмсағаны айтылды.
Мәселен, Шымкентте мемлекеттік қызметкер бюджет қаражатына әйеліне электромобиль сатып алған.
Ал Жетісу облысында бюджет қаражатын жымқырғанның үйіне тінту жүргізілгенде шетелдік банктің реквизиттері көрсетілген қаржылық құжаттар табылды.
Ұрланған қаражаттың бір бөлігі көрсетілген шетелдік банктегі шоттарға аударылғаны белгілі болды.
"Жалпы қаржылық тергеу жүргізу кезінде күдіктілердің туыстарына, сенімді адамдарға және жиі номиналды меншік иелері ретінде пайдаланылатын басқа тұлғаларға рәсімделген активтер тексеріледі. Әдетте олар мүлік пен оны сатып алуға жұмсалған қаражаттың заңды шығу тегін дәлелдей алмайды, ал олардың ресми табысы активтердің құнынан едәуір төмен", - дейді ведомство.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті адам қылмыстық жолмен алынған қаражатқа алынған автокөлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген.
Жетісу облысында жүргізілген қаржылық тергеу нәтижесінде жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын мүлік, соның ішінде ақша қаражаты, алты автокөлік және бір пәтер анықталып, тәркіленген.
Айта кетейік, шетелден 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,13 трлн теңгеден астам актив қайтарылды. Оған қазіргі уақытта әлеуметтік нысандар салынып жатыр.