https://sputnik.kz/20250521/ubt-pedagogika-mamandygy-boyynsha-talapty-kusheytu-usynyldy-53741942.html
ҰБТ: педагогика мамандығы бойынша талапты күшейту ұсынылды
ҰБТ: педагогика мамандығы бойынша талапты күшейту ұсынылды
Sputnik Қазақстан
"Педагогика мен психология" мамандығының шекті ұпай саны 89-дан 81-ге дейін төмендеген 21.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-21T13:38+0500
2025-05-21T13:38+0500
2025-05-21T13:38+0500
мұғалім
ұбт
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53594991_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_70ec77e586a301c4a7c94d48a2e78c9c.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы ғылым және жоғары білім министріне депутаттық сауал жолдап, педагог мамандар үшін талапты күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, бір жыл бұрын "Педагогика мен психология" мамандығының шекті ұпай саны 89 болса, былтыр 81-ге дейін төмендеген. Ал шетелде керісінше педагогика мамандығы бойынша жоғары талаптар қойылады.Фракция депутаттары педагогика мамандықтары бойынша грантқа түсемін дейтін түлектер үшін бірыңғай ұпайдың шегін белгілеуді ұсынып отыр."Бұдан бөлек, мотивацияны күшейту үшін үздік бітірген мамандарға жұмыс орнын таңдау мүмкіндігін беруді ұсынамыз. Бүгінде олар жұмысты өз бетімен іздеуге мәжбүр. Жұмыс беруші еңбек өтілін сұрайды, аттестация нәтижесі керек. Бұның барлығы жас маман үшін кедергі және осы мамандыққа деген қызығушылығын төмендетеді", - деді Смирнова.
https://sputnik.kz/20250520/ubt-dan-en-zhogary-140-upaydy-ordabasylyq-oqushy-zhinady-53699432.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53594991_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2aa5db6a23de6b0582ac8b2421d9ef91.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, ұбт, мәжіліс
ҰБТ: педагогика мамандығы бойынша талапты күшейту ұсынылды
"Педагогика мен психология" мамандығының шекті ұпай саны 89-дан 81-ге дейін төмендеген
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы ғылым және жоғары білім министріне депутаттық сауал жолдап, педагог мамандар үшін талапты күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, бір жыл бұрын "Педагогика мен психология" мамандығының шекті ұпай саны 89 болса, былтыр 81-ге дейін төмендеген. Ал шетелде керісінше педагогика мамандығы бойынша жоғары талаптар қойылады.
"Педагог мамандығына грант алу үшін емес, балаларды шын жүрегімен оқытуды және тәрбиелеуді қалайтын адамдар келуі керек. Бүгінде осы салаға үздіктерді тарту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Студенттерге жоғары стипендия төленеді. Мұғалімдердің жалақысы жақсы. Енді талапты күшейтіп, кандидаттарды қатаң іріктеуден өткізу керек", - деді Смирнова мәжілістің бүгінгі отырысында.
Фракция депутаттары педагогика мамандықтары бойынша грантқа түсемін дейтін түлектер үшін бірыңғай ұпайдың шегін белгілеуді ұсынып отыр.
"Бұдан бөлек, мотивацияны күшейту үшін үздік бітірген мамандарға жұмыс орнын таңдау мүмкіндігін беруді ұсынамыз. Бүгінде олар жұмысты өз бетімен іздеуге мәжбүр. Жұмыс беруші еңбек өтілін сұрайды, аттестация нәтижесі керек. Бұның барлығы жас маман үшін кедергі және осы мамандыққа деген қызығушылығын төмендетеді", - деді Смирнова.