Қарағанды әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

© Photo : Аэропорт Караганды Аэропорт "Сарыарка" в Караганде
Аэропорт Сарыарка в Караганде - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Жазылу
Қауіпсіздік қызметкерлері халық арасында жалған ақпарат тарпауға шақырды
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қарағанды әуежайында 22 мамырда сағат 15.00-ден бастап "Дабыл-Антитеррор-2025" жаттығуы өтеді, деп хабарлады Қазақстанның терроризмге қарсы орталығы.
"Оқу-жаттығу аясында Қарағанды қаласының әуежайы аумағында автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады", - деп ескертті қауіпсіздік қызметкерлері.
Қарағандылықтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат тарпауға шақырды.
Ертең терроризмге қарсы жаттығуды Абай облысының Жаңасемей ауданында өткізу жоспарлануда.
"Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі жағдайды дамытудың түрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталады. Азаматтарды оқу іс-шараларына, автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз", - деп толықтырды ведомство.
Айта кетері, бүгін Семей мен Атырауда оқу-жаттығу өтті.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің "Шалыга" аралы ауданында теңіз кемесінде терроризм актілерінің жолын кесу үшін арнайы бөлімшелердің қайықтарын іске қосу элементтерімен террористік көріністерге шұғыл ден қоюды пысықтады.
Новый терминал международного аэропорта Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр
Жаңалықтар
0