Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

© Photo : АО "НК "КТЖ"Новый терминал международного аэропорта Астаны
Новый терминал международного аэропорта Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Жазылу
Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Дүйсенбі, 14 сәуірде "Нұрсұлтан Назарбаев" атындағы Астана әуежайында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы "Найза – терроризмге қарсы-2025" атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізеді", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек, дейді әкімдік мамандары.
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2025
Қарағандыда оқу-жаттығу кезінде полицей көз жұмды
Жаңалықтар
0