Павлодар мұнай-химия зауыты бір айға жұмысын тоқтатады

© Photo : Пресс-служба "КазМунайГаз"Павлодар мұнай-химия зауыты
Павлодар мұнай-химия зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Жазылу
Жоспарлы алдын алу жұмыстарына 1100-ден аса адам және мердігер ұйымдардың 107 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылады
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. ІІМ: Павлодар мұнай-химия зауыты 2025 жылғы жоспарлы алдын алу жұмыстарына дайындалуда, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі.
Бұл жұмыстарды 18 маусым мен 17 шілде аралығында жүргізу жоспарланып отыр.
"Қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа (110 бірліктен астам), сондай-ақ технологиялық құбырларға (930 бірліктен астам) міндетті техникалық куәландыру және сараптама жүргізу жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Компания хабарлауынша, жоспарлы алдын алу жұмыстарына 1100-ден аса адам және мердігер ұйымдардың 107 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылады.
Осы уақыт аралығында ішкі нарықта жанар-жағармай материалдарының тұрақтылығын сақтау және мұнай өнімдерін жөнелтуді қамтамасыз етіледі. Ол үшін тауар өнімдерінің мынадай қорын жинақтауды жоспарлап отыр:
бензин — 50 000 тонна;
дизель отыны — 25 000 тонна;
авиакеросин — 7 000 тонна.
Бұл мұнай өнімдерін Энергетика министрлігінің жеткізу кестесіне сай ішкі нарыққа жөнелтіп отыратын болады.
Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары мұнай өнімдерін штаттық режимде шығаруды жалғастырады.
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылады
Жаңалықтар
0