https://sputnik.kz/20250514/suyytylgan-munay-gazyn-eksporttauga-salyngan-tyyym-tagy-alty-ayga-uzartylady-53510920.html
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылады
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылады
Sputnik Қазақстан
Бұрынғы шектеудің мерзімі бүгін аяқталады 14.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-14T11:35+0500
2025-05-14T11:35+0500
2025-05-14T11:35+0500
газ
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_7ab5e340b5abd813d039ed77bec4b807.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға салынған тыйымды тағы алты айға ұзартады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Осыған байланысты министрлік Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салды, шешім ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.Тыйым мына жағдайларда енгізілмейді:
https://sputnik.kz/20250505/byltyr-munay-gaz-khimiyasy-onerkasibi-50-ga-osken-53190791.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_237:0:2966:2047_1920x0_80_0_0_056dc4306cb7527388710f71164efb9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, қазақстан
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылады
Бұрынғы шектеудің мерзімі бүгін аяқталады
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға салынған тыйымды тағы алты айға ұзартады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
"2023 жылдың қарашасынан бастап сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерлерге автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге тыйым салынды. Экспортқа тыйым салу туралы бұйрықтың мерзімі 2025 жылдың 14 мамырында аяқталады", - деп еске салды ведомство.
Осыған байланысты министрлік Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салды, шешім ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Тыйым мына жағдайларда енгізілмейді:
1.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылар әкетсе;
2.
қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген), Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген тауарларды әкетсе;
3.
республикадан тыс жерде басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдау.