https://sputnik.kz/20250505/byltyr-munay-gaz-khimiyasy-onerkasibi-50-ga-osken-53190791.html
Былтыр мұнай-газ химиясы өнеркәсібі 50%-ға өскен
Былтыр мұнай-газ химиясы өнеркәсібі 50%-ға өскен
Sputnik Қазақстан
Химия өнімдерінің экспорты $2 млрд-тан асты 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T15:56+0500
2025-05-05T15:56+0500
2025-05-05T15:56+0500
мұнай
газ
өндіріс
https://sputnik.kz/img/429/36/4293666_0:385:2053:1540_1920x0_80_0_0_be55f30e1005f459f38ff66fad58d5b1.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Өткен жылдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,7%-ға ұлғайса, мұнай-газ химиясында өсім 50%-дан жоғары болған. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Химия өнімдерінің экспорты $2 млрд-тан асты, бұл 2023 жылғы деңгейден 13%-ға артық. Биылғы I тоқсанда да оң динамика сақталып отыр. Химия саласы 12,5%-ға өсті.Олжас Бектенов химия және мұнай химиясы салаларының дамуы еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға тікелей әсер ететінін атап өтті.Бүгінгі таңда елімізде химия және мұнай-газ химиясы секторында 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өндірістер минералды тыңайтқыштар, бейорганикалық және органикалық химиялық заттармен қатарауқымды өнім спектрін шығарады.Сонымен қатар Жамбыл облысында натрий цианиді мен аммоний сульфаты өндірісін кеңейту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, бутадиен, карбамид, полиэтилентерефталат өндірісі бойынша перспективалы жобалар іске асырылуда.Премьер-министр өңдеу тереңдігін арттыру және жоғары технологиялық өнім түрлерін кеңейту қажеттігін атап өтті."Аталған жобалардың барлығы қосылған құн тізбегін құруға үлкен үлес қосады. Дегенмен, шикізатты терең өңдеу бағытында саланың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Күрделі өнім шығару көлемі әлі де төмен. Шикізат ресурстары мен мұнай бағасы құбылып тұрған қазіргі жағдайда өңдеу көлемін ұлғайтып, дайын өніммен сыртқы нарықтарға шығу керек. Бұл экономиканың қуатын арттырып, сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", — деді Олжас Бектенов.Премьер-министр күн тәртібіндегі мәселеге қатысты бірқатар тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/429/36/4293666_0:192:2053:1732_1920x0_80_0_0_3f9fa51375282a09d04b80e0634f87c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, газ, өндіріс
Былтыр мұнай-газ химиясы өнеркәсібі 50%-ға өскен
Химия өнімдерінің экспорты $2 млрд-тан асты
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Өткен жылдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,7%-ға ұлғайса, мұнай-газ химиясында өсім 50%-дан жоғары болған. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Химия өнімдерінің экспорты $2 млрд-тан асты, бұл 2023 жылғы деңгейден 13%-ға артық. Биылғы I тоқсанда да оң динамика сақталып отыр. Химия саласы 12,5%-ға өсті.
Олжас Бектенов химия және мұнай химиясы салаларының дамуы еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға тікелей әсер ететінін атап өтті.
Бүгінгі таңда елімізде химия және мұнай-газ химиясы секторында 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өндірістер минералды тыңайтқыштар, бейорганикалық және органикалық химиялық заттармен қатарауқымды өнім спектрін шығарады.
"Мысалы, Атырау облысында жұмыс істеп тұрған полипропилен зауыты – Орталық Азия өңіріндегі осы бағыттағы ең ірі кәсіпорын және Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің ең ауқымды жобасы. 2024 жылы жобаның II кезеңінің құрылысы басталды. Негізгі міндет – импорттық өнімдерді толық алмастырып, қосылған құны жоғары экспорттың өсуін қамтамасыз ету", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Жамбыл облысында натрий цианиді мен аммоний сульфаты өндірісін кеңейту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, бутадиен, карбамид, полиэтилентерефталат өндірісі бойынша перспективалы жобалар іске асырылуда.
Премьер-министр өңдеу тереңдігін арттыру және жоғары технологиялық өнім түрлерін кеңейту қажеттігін атап өтті.
"Аталған жобалардың барлығы қосылған құн тізбегін құруға үлкен үлес қосады. Дегенмен, шикізатты терең өңдеу бағытында саланың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Күрделі өнім шығару көлемі әлі де төмен. Шикізат ресурстары мен мұнай бағасы құбылып тұрған қазіргі жағдайда өңдеу көлемін ұлғайтып, дайын өніммен сыртқы нарықтарға шығу керек. Бұл экономиканың қуатын арттырып, сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр күн тәртібіндегі мәселеге қатысты бірқатар тапсырма берді.