Өзбекстан Қазақстан азаматтарына ішкі төлқұжатпен кіруге рұқсат етпек

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуӨзбекстан Қазақстан азаматтарына ішкі төлқұжатпен кіруге рұқсат етпек
Өзбекстан Қазақстан азаматтарына ішкі төлқұжатпен кіруге рұқсат етпек - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Жазылу
Көрші елге жеке куәлікпен кіруге мүмкін болады
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Өзбекстан Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан азаматтарына ішкі төлқұжат немесе жеке куәлікпен кіруге рұқсат бермекші.
Sputnik Өзбекстанның хабарлауынша, республиканың сыртқы істер министрлігі бұл мәселе бойынша үш ай ішінде келіссөздерді бастауы керек. Шавкат Мирзиёевтің жарлығында солай делінген.
2024 жылы 11 тамызда Өзбекстан президенті Орталық Азияда ішкі төлқұжаттарды өзара тануды ұсынды. Бұл туралы ол Астанада өткен саммит барысында мәлімдеген.
Сол жылдың сәуір айында Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының мемлекеттер аумақтарында болу мерзімін ұзартты. Бұрын бес күн болса, қазір 30 күн бола алады.
Қазіргі уақытта қазақстандықтарға Өзбекстан және Тәжікстан шекарасынан өту үшін шетелдік төлқұжат қажет.
Касым-Жомарт Токаев встретился в Самарканде с Шавкатом Мирзиёевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Тоқаев Өзбекстан президентімен кездесті
Жаңалықтар
0