Тоқаев Өзбекстан президентімен кездесті

© АкордаКасым-Жомарт Токаев встретился в Самарканде с Шавкатом Мирзиёевым
Касым-Жомарт Токаев встретился в Самарканде с Шавкатом Мирзиёевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Жазылу
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитіне ерекше мән беретінін жеткізіп, аталған жиын аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Президенттер Алматыдағы бейресми кездесудің нәтижелі өткеніне назар аударды. Сондай-ақ оның қазақ-өзбек қатынастарын тағы бір пысықтап, бірлескен жұмыс бағыттарын айқындауға мүмкіндік бергеніне тоқталды.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша өзара тиімді серіктестік аясын кеңейту ниетін растады.
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Самарканд - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Тоқаев Самарқан қаласына барды
Жаңалықтар
0