https://sputnik.kz/20250521/gruziyada-qazaqstandyqtardy-el-aumagyna-kirgizuden-bas-tartu-zhagdayy-azaydy--sim-53750976.html
Грузияда қазақстандықтарды ел аумағына кіргізуден бас тарту жағдайы азайды – СІМ
Грузияда қазақстандықтарды ел аумағына кіргізуден бас тарту жағдайы азайды – СІМ
Sputnik Қазақстан
Қазақстандықтар Грузия әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде қиындықтарға тап болғанын айтып шағымданды 21.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-21T21:32+0500
2025-05-21T21:32+0500
2025-05-21T21:50+0500
грузия
туристер
сыртқы істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/965/23/9652302_0:157:3084:1892_1920x0_80_0_0_0614c58f0d11fc484a050586bf7ca71a.jpg
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Грузияда қазақстандықтарды ел аумағына кіргізуден бас тарту жағдайы азайды, деп хабарлады сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыров.Сонымен қатар грузин тарапы қазақстандықтардың неліктен кері қайтарылғанын түсіндірмеді, деді вице-министр.Бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде Грузия әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде қиындықтарға тап болғанын айтып шағымданған болатын. Олардан ұзақ жауап алынған, содан кейін кейбіреуіне елге кіруге тыйым салынған.Ал СІМ өкілдері Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Грузияға туристік мақсатпен баратынын және қабылдаушы елдің заңнамасын берік сақтайтынын атап өтті.Грузия тарапы биылғы жылдың мамыр айының басынан бері Грузияға кіруден бас тарту жағдайы айтарлықтай азайғаны туралы хабарлады және бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасады деп сендірді.
https://sputnik.kz/20250515/gruziya-qazaqstandyqtardy-oz-aumagyna-kirgizuden-bas-tartuda--sim-alandaushylyq-bildirdi-53547328.html
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/965/23/9652302_177:0:2908:2048_1920x0_80_0_0_686fc5f58eaf4d8ba3059df8f34be64a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
грузия, туристер, сыртқы істер министрлігі
грузия, туристер, сыртқы істер министрлігі
Грузияда қазақстандықтарды ел аумағына кіргізуден бас тарту жағдайы азайды – СІМ
21:32 21.05.2025 (жаңартылды: 21:50 21.05.2025) Қазақстандықтар Грузия әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде қиындықтарға тап болғанын айтып шағымданды
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Грузияда қазақстандықтарды ел аумағына кіргізуден бас тарту жағдайы азайды, деп хабарлады сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыров.
"Бас тарту саны күрт азайды. Грузия тарапы естіді, біз олармен жұмыс істеп жатырмыз", - деді Қуантыров.
Сонымен қатар грузин тарапы қазақстандықтардың неліктен кері қайтарылғанын түсіндірмеді, деді вице-министр.
Бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде Грузия әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде қиындықтарға тап болғанын айтып шағымданған болатын. Олардан ұзақ жауап алынған, содан кейін кейбіреуіне елге кіруге тыйым салынған.
Ал СІМ өкілдері Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Грузияға туристік мақсатпен баратынын және қабылдаушы елдің заңнамасын берік сақтайтынын атап өтті.
Грузия тарапы биылғы жылдың мамыр айының басынан бері Грузияға кіруден бас тарту жағдайы айтарлықтай азайғаны туралы хабарлады және бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасады деп сендірді.