https://sputnik.kz/20250515/gruziya-qazaqstandyqtardy-oz-aumagyna-kirgizuden-bas-tartuda--sim-alandaushylyq-bildirdi-53547328.html
Грузия қазақстандықтарды өз аумағына кіргізуден бас тартуда – СІМ алаңдаушылық білдірді
Грузия қазақстандықтарды өз аумағына кіргізуден бас тартуда – СІМ алаңдаушылық білдірді
Sputnik Қазақстан
Грузия билігі Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіруіне барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді 15.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-15T08:28+0500
2025-05-15T08:28+0500
2025-05-15T08:28+0500
грузия
туризм
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0f/53545265_50:0:1204:649_1920x0_80_0_0_8e1b1d7816b8ffcfac884a2cb032f1e8.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстандық дипломаттар Тбилисидегі консулдық мәселелер жөніндегі консультациялар барысында Грузияның Қазақстан азаматтарын өз аумағына кіргізуден бас тартуы фактілерінің көбеюіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Грузия әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде қиындықтарға тап болғанын айтып шағымданды. Олардан ұзақ жауап алынған, содан кейін кейбіреуіне кіруге тыйым салынған.СІМ өкілдері Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Грузияға туристік мақсатпен баратынын және қабылдаушы елдің заңнамасын берік сақтайтынын атап өтті."Грузин тарапы биылғы жылдың мамыр айының басынан бастап Грузияға кіруден бас тарту фактілерінің айтарлықтай төмендегені туралы хабарлап, бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.Сондай-ақ Грузия шенеуніктері Қазақстан азаматтарының ел аумағына кіруі мен болуына барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0f/53545265_288:0:1153:649_1920x0_80_0_0_9dfa8d049535acd0c9d96b09534af110.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
грузия, туризм
Грузия қазақстандықтарды өз аумағына кіргізуден бас тартуда – СІМ алаңдаушылық білдірді
Грузия билігі Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіруіне барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстандық дипломаттар Тбилисидегі консулдық мәселелер жөніндегі консультациялар барысында Грузияның Қазақстан азаматтарын өз аумағына кіргізуден бас тартуы фактілерінің көбеюіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Грузия әуежайларында паспорттық бақылаудан өту кезінде қиындықтарға тап болғанын айтып шағымданды. Олардан ұзақ жауап алынған, содан кейін кейбіреуіне кіруге тыйым салынған.
"Қазақ тарапы Қазақстан азаматтары Грузияға барған кезде елге кіруге тыйым салу, кейін оларды депортациялау жағдайларының көбеюіне алаңдаушылық білдірді", - делінген хабарламада.
СІМ өкілдері Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Грузияға туристік мақсатпен баратынын және қабылдаушы елдің заңнамасын берік сақтайтынын атап өтті.
"Грузин тарапы биылғы жылдың мамыр айының басынан бастап Грузияға кіруден бас тарту фактілерінің айтарлықтай төмендегені туралы хабарлап, бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Грузия шенеуніктері Қазақстан азаматтарының ел аумағына кіруі мен болуына барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.