Соңғы қоңыраудан кейін топтасып бір жерге баруға бола ма - министр жауап берді

© Sputnik/Александр Мироглов мирАлматыдағы соңғы қоңырау
Алматыдағы соңғы қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
Биыл соңғы қоңырау 23-24 мамыр күндері өткізіледі
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңыраудан кейін бір жерде топтасып баруға және жиналуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл соңғы қоңырау 23-24 мамыр күндері өткізіледі. Әрбір мектеп салтанатты шараның күнін өзі белгілейді. Ал ата-аналар мен оқушылар арасында “Соңғы қоңыраудан кейін бір жерге баруға немесе жиналуға бола ма?” деген сұрақ туындады. Министрдің айтуынша, ең бастысы балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі шарт. Мектеп директорының бұйрығы да болуы қажет.
"Мысалы, бір жерге көлікпен шығатын болса, балаларды тасымалдау бойынша барлық қауіпсіздік шаралары сақталуы қажет. Мектеп директорының бұйрығы болса, сосын барлық қауіпсіздік шаралары сақталған жағдайда рұқсат бар. Ал жай балаларды автобусқа отырғыза салып, өздігімен бір жерге шығуға болмайды. Бүгінде нақты ереже бар. Оған сәйкес, балалар ұйымдасқан түрде бір шараға барса, олармен бірге полиция да жүріп отыруы қажет", - деді Бейсембаев үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, оқу-ағарту министрлігі 9-11 сынып емтихандарының кестесін жариялаған болатын.
Соңғы қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Соңғы қоңырау жұма-сенбі күндері өткізіледі
Жаңалықтар
0