9-11 сынып оқушылары қай кезде емтихан тапсырады - кесте жарияланды

© Sputnik / Болат ШайхиновМектептегі емтихан
Мектептегі емтихан - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
Биыл 9 сыныптың 364 мың оқушысы емтихан тапсырады
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі 9-11 сынып емтихандарының кестесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл 9 сыныптың 364 мың оқушысы емтихан тапсырады. Кестесі:
29 мамыр - математика (жазбаша);
2 маусым - оқыту тілі (жазбаша);
5 маусым - таңдау пәні (жазбаша).
10 маусым - оқыту тілі мен әдебиеті (жазбаша);
Ал 11 сыныпты 217 мың оқушы аяқтайды. Олардың емтихан кестесі:
30 мамыр - Қазақстан тарихы (ауызша);
4 маусым - алгебра және анализ бастамалары (жазбаша);
9 маусым - оқыту тілі (жазбаша);
12 маусым-таңдау пәні (жазбаша);
16 маусым - оқыту тілі мен әдебиеті (жазбаша).
Айта кетері, биыл соңғы қоңырау жұма немесе сенбі күні ұйымдастырылады. Ал аттестаттарды табыстау рәсімі 18-20 маусым аралығына жоспарланған.
Соңғы қоңырау күні өзгерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Соңғы қоңырау күні өзгерді
Жаңалықтар
0