https://sputnik.kz/20250502/songy-qonyrau-kuni-ozgerdi-53098240.html
Соңғы қоңырау күні өзгерді
Соңғы қоңырау күні өзгерді
Sputnik Қазақстан
Биыл 217 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады 02.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-02T12:16+0500
2025-05-02T12:16+0500
2025-05-02T12:25+0500
түлектер
оқу жылы
https://sputnik.kz/img/07e8/09/01/46733797_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a9de4439f1477d2fa0d2c421d2b6da1f.jpg
АСТАНА, 2 мамыр - Sputnik. Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. 217 мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. Соңғы оқу күні жылдағыдай 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде "Білімім — Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады. Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі. Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтіні ескертілді.
https://sputnik.kz/20250425/zhayly-mektep-zhyl-sonyna-deyin-112-mektep-paydalanuga-beriledi-52866264.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/01/46733797_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c811e270eeaba6d16b1906054d2af40c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түлектер, оқу жылы
Соңғы қоңырау күні өзгерді
12:16 02.05.2025 (жаңартылды: 12:25 02.05.2025) Биыл 217 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады
АСТАНА, 2 мамыр - Sputnik. Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. 217 мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Соңғы оқу күні жылдағыдай 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде "Білімім — Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады.
"Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі — болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі", - делінген хабарламада.
Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23-ші немесе 24-ші мамырда өткізіледі.
Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтіні ескертілді.