https://sputnik.kz/20250425/zhayly-mektep-zhyl-sonyna-deyin-112-mektep-paydalanuga-beriledi-52866264.html
"Жайлы мектеп": жыл соңына дейін 112 мектеп пайдалануға беріледі
"Жайлы мектеп": жыл соңына дейін 112 мектеп пайдалануға беріледі
Sputnik Қазақстан
Жаңа форматтағы мектептердің жартысына жуығы ауылдарда салынып жатыр 25.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-25T21:30+0500
2025-04-25T21:30+0500
2025-04-25T21:30+0500
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708661_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_65083e3ee366fb16ddf0a7f383b82e81.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.Жайлы мектептердің жартысына жуығы яғни 45%-і ауылдық жерлерде салынып жатыр. Айта кетейік, 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашқан болатын. Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін білімге тең қол жеткізуі үшін жағдайлар жасайды. Ол мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Қазақстанда жалпы 460 мың орындық жаңа форматтағы 217 мектептің құрылысы жоспарланған.
https://sputnik.kz/20250317/batys-qazaqstanda-biyl-6-zhayly-mektep-salynady-51686940.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708661_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_abe79dfd18f7e757106b4435b83d5121.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп
"Жайлы мектеп": жыл соңына дейін 112 мектеп пайдалануға беріледі
Жаңа форматтағы мектептердің жартысына жуығы ауылдарда салынып жатыр
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға беріледі, деп
хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Жайлы мектептердің жартысына жуығы яғни 45%-і ауылдық жерлерде салынып жатыр.
Айта кетейік, 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашқан болатын. Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін білімге тең қол жеткізуі үшін жағдайлар жасайды.
Ол мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Қазақстанда жалпы 460 мың орындық жаңа форматтағы 217 мектептің құрылысы жоспарланған.