https://sputnik.kz/20250520/prezident-zhas-sauletshilerdin-arnayy-bayqauyn-uyymdastyrudy-usyndy-53713563.html
Президент жас сәулетшілердің арнайы байқауын ұйымдастыруды ұсынды
Президент жас сәулетшілердің арнайы байқауын ұйымдастыруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Бұл туралы мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордадағы салтанатты жиында айтты 20.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-20T13:25+0500
2025-05-20T13:25+0500
2025-05-20T15:21+0500
ақорда
байқау
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53709676_87:0:1193:622_1920x0_80_0_0_59aae041db1b0c216937cabe6c9ff92b.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жас сәулетшілердің арнайы байқауын ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.Ақордадағы салтанатты жиын сөйлеген сөзінде президент төл тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттауда ЮНЕСКО-мен өзара ықпалдастық ерекше рөл атқаратынын айтты.Бұл ретте президент Бүкіләлемдік мұралар тізіміне еліміздің тарихи және мәдениет ескерткіштерін енгізу үшін күш-жігер жұмсалып жатқанына тоқталды. Бұдан бөлек, "Әлем жады" тізбесіне құжат күйіндегі мұраларымызды енгізу ісі қолға алынды.Мемлекет басшысы елде сәулет өнерін қолдау шараларын күшейтуді ұсынды.
https://sputnik.kz/20250520/toqaev-madeniet-zhane-oner-salasyndagy-mamandardy-memlekettik-nagradalarmen-marapattady-53712150.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53709676_226:0:1055:622_1920x0_80_0_0_04458c437980e92339fe9cf05465837d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақорда, байқау
Президент жас сәулетшілердің арнайы байқауын ұйымдастыруды ұсынды
13:25 20.05.2025 (жаңартылды: 15:21 20.05.2025) Бұл туралы мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордадағы салтанатты жиында айтты
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев жас сәулетшілердің арнайы байқауын ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.
Ақордадағы салтанатты жиын сөйлеген сөзінде президент төл тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттауда ЮНЕСКО-мен өзара ықпалдастық ерекше рөл атқаратынын айтты.
Бұл ретте президент Бүкіләлемдік мұралар тізіміне еліміздің тарихи және мәдениет ескерткіштерін енгізу үшін күш-жігер жұмсалып жатқанына тоқталды. Бұдан бөлек, "Әлем жады" тізбесіне құжат күйіндегі мұраларымызды енгізу ісі қолға алынды.
Мемлекет басшысы елде сәулет өнерін қолдау шараларын күшейтуді ұсынды.
"Халық руханиятының тағы бір маңызды қыры – сәулет өнері. Қалалар мен елді мекендер келбеті – ұлт мәдениетінің айнасы. Ұлттық архитектура, түптеп келгенде, ұлттық санаға ықпалын тигізеді. Елімізде сәулет өнерін жетік меңгерген, оны ұлттық нақышқа бейімдей алған мамандардың тұтас буыны өсіп келеді. Мұндай дарын иелеріне мейлінше қолдау көрсету қажет. Осы орайда жас сәулетшілердің арнайы байқауын ұйымдастырып, Ұлттық сыйлық тағайындауға болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.