https://sputnik.kz/20250520/nurgisa-tilendievtin-100-zhyldygy-yunesko-dengeyinde-atalyp-otedi-53720337.html
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтеді
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтеді
Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті музыкалық мұраның маңыздылығына тоқталды 20.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-20T19:50+0500
2025-05-20T19:50+0500
2025-05-20T19:50+0500
юнеско
нұрғиса тілендиев
мерейтой
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53717021_0:0:777:438_1920x0_80_0_0_da6a72a1911e065f760192df411827cf.jpg
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысының айтуынша, төл тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттауда ЮНЕСКО-мен өзара ықпалдастық ерекше рөл атқарады. Бұл ретте президент Бүкіләлемдік мұралар тізіміне еліміздің тарихи және мәдениет ескерткіштерін енгізу үшін күш-жігер жұмсалып жатқанына тоқталды. Бұдан бөлек, "Әлем жады" тізбесіне құжат күйіндегі мұраларымызды енгізу ісі қолға алынды.Ол сондай-ақ халық руханиятының тағы бір маңызды қыры сәулет өнері екенін атап өтті."Қалалар мен елді мекендер келбеті – ұлт мәдениетінің айнасы. Ұлттық архитектура, түптеп келгенде, ұлттық санаға ықпалын тигізеді. Елімізде сәулет өнерін жетік меңгерген, оны ұлттық нақышқа бейімдей алған мамандардың тұтас буыны өсіп келеді. Мұндай дарын иелеріне мейлінше қолдау көрсету қажет. Осы орайда жас сәулетшілердің арнайы байқауын ұйымдастырып, Ұлттық сыйлық тағайындауға болады", - деп түйіндеді президент.
https://sputnik.kz/20250421/qazaqstandagy-yunesko-nyn-alemdik-mura-nysandary-kobeyui-mumkin-52706154.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/14/53717021_13:0:777:573_1920x0_80_0_0_36a486da45d3e89ef61e231f7f2a1405.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
юнеско, нұрғиса тілендиев, мерейтой
юнеско, нұрғиса тілендиев, мерейтой
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтеді
Қазақстан президенті музыкалық мұраның маңыздылығына тоқталды
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Биыл әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтеміз. Мерейлі даталарға орай өтетін іс-шаралар мазмұнды, тағылымды болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, төл тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттауда ЮНЕСКО-мен өзара ықпалдастық ерекше рөл атқарады. Бұл ретте президент Бүкіләлемдік мұралар тізіміне еліміздің тарихи және мәдениет ескерткіштерін енгізу үшін күш-жігер жұмсалып жатқанына тоқталды. Бұдан бөлек, "Әлем жады" тізбесіне құжат күйіндегі мұраларымызды енгізу ісі қолға алынды.
Ол сондай-ақ халық руханиятының тағы бір маңызды қыры сәулет өнері екенін атап өтті.
"Қалалар мен елді мекендер келбеті – ұлт мәдениетінің айнасы. Ұлттық архитектура, түптеп келгенде, ұлттық санаға ықпалын тигізеді. Елімізде сәулет өнерін жетік меңгерген, оны ұлттық нақышқа бейімдей алған мамандардың тұтас буыны өсіп келеді. Мұндай дарын иелеріне мейлінше қолдау көрсету қажет. Осы орайда жас сәулетшілердің арнайы байқауын ұйымдастырып, Ұлттық сыйлық тағайындауға болады", - деп түйіндеді президент.