Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра нысандары көбеюі мүмкін

© Photo : Космический центр "Южный"/Роскосмос На "Гагаринский старт" на Байконуре установили корабль "Союз МС-18"
На Гагаринский старт на Байконуре установили корабль Союз МС-18 - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағындағы Гагарин старты ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра нысандарына енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Роскосмостың бас директоры Дмитрий Баканов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тверь қаласында Ресейдің федерация кеңесі мен Қазақстанның парламент сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған Роскосмостың бас директоры Дмитрий Баканов та қатысып, Гагарин стартына қатысты жоспарын бөлісті.
"Біз қазақстандық әріптестерімізбен бірге Гагарин стартында музей кешенін құру және оны ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра нысандарына қосу бастамасын іске асыруды жоспарлап отырмыз", - деді Баканов.
Осы орайда Роскосмос басшысы ғарыш туризмін дамытудың маңыздылығына да тоқталды. Мәселен, 8 сәуірде болған зымыран ұшыру кезінде Байқоңырға туристердің рекордтық саны – 3 мың адам келді. Барлығы зымыран ұшыру сәтін өз көзімен көргісі келді. Ал туристік бағдарламаға Гагарин старты да кіреді.
Гагарин старты – Байқоңыр ғарыш айлағындағы ең танымал ұшыру алаңы. Дәл сол жерде ең бірінші жасанды жер серігі ұшырылып, адамзат тарихында алғаш рет адам ғарышқа аттанды. "Аполлон" кемесімен түйіскен "Союз" да Гагарин стартынан аспанға көтерілген болатын.
Айта кетері, бұған дейін Ресейдің Байқоңырдағы №1 ұшыру кешені – Гагарин стартын Қазақстанға табыстау басталатыны туралы ақпарат болған.
Жаңалықтар
0