Батыс Қазақстанда кәсіпкерді пара беруге итермелеген алматылық 11 жылға сотталды

© AP Photo / Martin MejiaБатыс Қазақстанда кәсіпкерді пара беруге итермелеген лауазым иесі 11 жылға сотталды
Батыс Қазақстанда кәсіпкерді пара беруге итермелеген лауазым иесі 11 жылға сотталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Жазылу
Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымға орналасуға өмір бойына тыйым салынды
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласының тұрғынына қатысты үкім шығарды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"Сотталушы "Чапаев – Жаңақала – Сайхин" автожолын күрделі жөндеу жөніндегі шарттың жалпы сомасының 30%-ы мөлшерінде алдын ала төлем жасау үшін облыс әкімдігінің лауазымды адамдарына 50 млн теңге көлемінде пара беруге кәсіпкерді итермелегені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымға орналасуға өмір бойына тыйым сала отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Солтүстік Қазақстанда шенеуніктер 10 млн тенге пара алғаны үшін темір торға тоғытылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Солтүстік Қазақстанда шенеуніктер 10 млн теңге пара алғаны үшін темір торға тоғытылды
Жаңалықтар
0