Солтүстік Қазақстанда шенеуніктер 10 млн теңге пара алғаны үшін темір торға тоғытылды

© AP Photo / Moises CastilloСолтүстік Қазақстанда шенеуніктер 10 млн тенге пара алғаны үшін темір торға тоғытылды
Солтүстік Қазақстанда шенеуніктер 10 млн тенге пара алғаны үшін темір торға тоғытылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Жемқорлық әрекетке барғандар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Қос шенеунік жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 000 000 теңге пара алған.
Бұлтартпас дәлелдер болса да, айыпталып отырған үш азамат та өз кінәсін мойындамаған. Бірақ мемлекеттік айыптаушы пара беру және алу фактілерін дәлелдеп шықты.

"Петропавл қалалық соты дәлелдерді назарға ала отырып, қылмыстық іске қатысы бар үш азаматты да бас бостандығынан айырды. Оларға берілген жаза - 3 жыл 6 ай мен 7 жыл 6 айға дейін. Және өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымда болуға тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейтін болады. 2025 жылдың 14 ақпанында соттың үкімі заңды күшіне енді.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2025
Жетісу облысында бұрынғы шенеунік өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар
0