Үкімет Жезқазғанның ауыз су жүйесін жаңғыртуға қаражат бөлді

© Public DomainПитьевая вода
Питьевая вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2025
Жазылу
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға үкімет резервінен қаражат бөлу туралы тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Нәтижесінде қаражат қолданыстағы тазарту құрылыстарын толық реконструкциялаудың екінші кезегін жүзеге асыруға бағытталды. Яғни, қуаты тәулігіне 124 мың м3 тазарту құрылыстарына мембраналық жабдықты орнатылады.
Айта кетейңк, облыс орталығын сумен жабдықтау Кеңгір су қоймасы арқылы жүзеге асырылады. Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген.
Жабдықтар мен технологиялардың тозуы шамамен 90%-ды құрайды.
Ауыз су - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Елде ауыз сумен қамту 100%-ға жақындады
Жаңалықтар
0