https://sputnik.kz/20250519/qazaqstan-men-turkimenstan-almaty-ashkhabad-aue-reysin-qalpyna-keltiruge-nietti-53685867.html
Қазақстан мен Түркіменстан Алматы-Ашхабад әуе рейсін қалпына келтіруге ниетті
Қазақстан мен Түркіменстан Алматы-Ашхабад әуе рейсін қалпына келтіруге ниетті
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ жолшылар осы айда Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан шекарасына Кендірлі арқылы өтетін жолды жөндеуге кіріседі 19.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-19T19:31+0500
2025-05-19T19:31+0500
2025-05-19T19:31+0500
түрікменстан
әуе қатынасы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_719:767:2997:2048_1920x0_80_0_0_e025eb27e62777edfb9104517284815e.jpg
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев пен Түрікменстан министрлер кабинетінің жанындағы көлік және коммуникациялар агенттігінің бас директоры Мамметхан Чакыев көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Азаматтық авиация саласында көлік ведомстволары басшылары Алматы-Ашхабад рейсін қайта іске қосуды көздеп отыр.Автожол саласына келетін болсақ "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізін одан әрі дамыту бойынша тараптар бірлесіп жұмыс істейді. Мәселен, осы дәлізге қатысы бар жол биыл жөндеумен қамтылады. Маңғыстау облысында жолшылар осы айда Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан шекарасына Кендірлі арқылы өтетін жолды жөндеуге кіріседі.200 шақырымға жуық жол екі жолақты қозғалыспен қамтылып, төртінші санаттан үшінші санатқа ауыстырылады. Жөндеу барысында мамандар жол жиегін нығайтып, жолды толығымен жаңартады.Автомобиль көлігі және халықаралық тасымалдау саласы бойынша тараптар шетелдік рұқсат бланкілерін (ШРБ) алмасу процесін цифрлы форматқа ауыстыруға келісті. Бұл елдер арасындағы транзитті айтарлықтай арттырып, жүк тасымалын жеделдете түспек.
https://sputnik.kz/20250514/qazaqstanga-tagy-bir-memleketten-tikeley-aue-reysi-ashylady-53517704.html
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_928:670:2765:2048_1920x0_80_0_0_1485ace99d57b2143d87e5a8d9f610f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрікменстан, әуе қатынасы
түрікменстан, әуе қатынасы
Қазақстан мен Түркіменстан Алматы-Ашхабад әуе рейсін қалпына келтіруге ниетті
Сондай-ақ жолшылар осы айда Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан шекарасына Кендірлі арқылы өтетін жолды жөндеуге кіріседі
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев пен Түрікменстан министрлер кабинетінің жанындағы көлік және коммуникациялар агенттігінің бас директоры Мамметхан Чакыев көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Азаматтық авиация саласында көлік ведомстволары басшылары Алматы-Ашхабад рейсін қайта іске қосуды көздеп отыр.
"Түрікмен тарапы биыл әуе рейсін қайта іске қосуға ниетті. Бұл елдер арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп жазылған Қазақстан Көлік министрлігінің хабарламасында.
Автожол саласына келетін болсақ "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізін одан әрі дамыту бойынша тараптар бірлесіп жұмыс істейді. Мәселен, осы дәлізге қатысы бар жол биыл жөндеумен қамтылады. Маңғыстау облысында жолшылар осы айда Жаңаөзен қаласынан Түрікменстан шекарасына Кендірлі арқылы өтетін жолды жөндеуге кіріседі.
200 шақырымға жуық жол екі жолақты қозғалыспен қамтылып, төртінші санаттан үшінші санатқа ауыстырылады. Жөндеу барысында мамандар жол жиегін нығайтып, жолды толығымен жаңартады.
Автомобиль көлігі және халықаралық тасымалдау саласы бойынша тараптар шетелдік рұқсат бланкілерін (ШРБ) алмасу процесін цифрлы форматқа ауыстыруға келісті. Бұл елдер арасындағы транзитті айтарлықтай арттырып, жүк тасымалын жеделдете түспек.