Елімізде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты - министрлік

© Photo : денсаулық сақтау министрлігіЕлімізде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталды - министрлік
Елімізде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталды - министрлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2025
Жазылу
Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. 2025 жылдың басынан бері жалпы 329 расталған жағдай тіркелді, қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған.
Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркелуде.
"Инфекциялық төсектердің жүктемесі – 27%, реанимациялық төсек-орындар – 2%, сондай-ақ стационарларда коронавирус инфекциясымен 2 науқас ем қабылдауда, жағдайы – орташа ауырлықта", - деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Әлемдегі жағдай сияқты, Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары айналымда жүр. Аурудың негізгі симптомдары – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел.
Басқа елдерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі келесілерді ұсынады:
жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
қолды, әсіресе науқас немесе олардың айналасындағы адамдармен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;
үй-жайларды тұрақты түрде желдету;
ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.
морг - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны өсті – Есмағамбетова
Жаңалықтар
0