Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны өсті – Есмағамбетова

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуморг
морг - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері COVID-19 жұқтырғандардың саны екі есеге өсті. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл қаңтар айында 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда науқастардың саны 2,5 есеге өскен. Бір ай бұрын 187 адам коронавирус жұқтырса, қаңтар айында олардың саны 477-ге жетті. Басым бөлігі Алматы (143 адам) мен Астанада (74 адам) тұрады.
"26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында бір аптаның ішінде КВИ+ диагнозымен 144 адам тіркелген. Соодан кейін 11 адам КВИ- болып шықты. Осылайша, ауруға шалдығу көрсеткіші өсіп отыр. Жаңадан ауырғандар бұрынғыдай ірі мегаполистерді жиі тіркеледі", - дейді Есмағамбетова.
Оның айтуынша, қазіргі кезде республика және барлық облыстар жасыл аймаққа кіреді. Ал инфекциялық ауруханаларда төсек орындардың 1 проценті ғана бос емес.
8 ақпанда бас санитарлық дәрігер Қазақстанның медициналық мекемелерінде маска режимін енгізуге қаулы шығарды. Азаматтарға халық көп жиналатын орындарда да бетперде тағу ұсынылды.
Бұған дейін парламент мәжілісінде бептерде тағу талабы енгізілді. Ал кейбір шаралар онлайн форматта өткізіледі.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Денсаулық
Қазақстандықтар тағы да маска тағады – қаулы қабылданды
Жаңалықтар
0