https://sputnik.kz/20250517/qazaqstandyq-alpinist-konstitutsiyany-gimalay-shynyna-shygardy-53633386.html
Қазақстандық альпинист Конституцияны Гималай шыңына шығарды
Қазақстандық альпинист Конституцияны Гималай шыңына шығарды
Sputnik Қазақстан
Конституцияның 30 жылдығына орай қазақстандық альпинист Әлібек Қайырбек елдің Ата Заңын Гималайдағы Айленд Пик шыңына алып шықты 17.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-17T18:14+0500
2025-05-17T18:14+0500
2025-05-17T18:14+0500
альпинист
конституция күні
ата заң
https://sputnik.kz/img/07e9/05/11/53627287_0:87:858:569_1920x0_80_0_0_eeee161a3cbbeaf0c9cdbee1b17697eb.jpg
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай қазақстандық альпинист, мәдениет қайраткері Әлібек Қайырбек елдің Ата Заңын Гималайдағы Айленд Пик (6180 м) шыңына алып шықты.Бұл оның "Әлем шыңдарындағы домбыра" атты бірегей жобасының бір бөлігі болды. Жоба "Әлемнің жеті шыңы" халықаралық бастамасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Мақсаты – қазақ мәдениетін, соның ішінде домбырамен орындалатын ұлттық музыканы әлемге таныту және ең биік шыңдарды бағындырған музыкалық аспап ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізу болып табылады.Әлібек биіктік пен ауа райының күрделі жағдайларына қарамастан, Конституцияны Гималайдың әйгілі шыңдарының біріне салтанатты түрде алып шығу үшін барлық сынақтардан өтті.Осы тарихи өрлеу барысында Әлібек Эверест етегінде ұлы қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай оның "Әлқисса" күйін де орындады.
https://sputnik.kz/20240830/bugin---konstitutsiya-kuni-46647032.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/11/53627287_0:91:798:689_1920x0_80_0_0_fcf5509de013653f00f213fe4f204dee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
альпинист, конституция күні, ата заң
альпинист, конституция күні, ата заң
Қазақстандық альпинист Конституцияны Гималай шыңына шығарды
Конституцияның 30 жылдығына орай қазақстандық альпинист Әлібек Қайырбек елдің Ата Заңын Гималайдағы Айленд Пик шыңына алып шықты
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай қазақстандық альпинист, мәдениет қайраткері Әлібек Қайырбек елдің Ата Заңын Гималайдағы Айленд Пик (6180 м) шыңына алып шықты.
Бұл оның "Әлем шыңдарындағы домбыра" атты бірегей жобасының бір бөлігі болды. Жоба "Әлемнің жеті шыңы" халықаралық бастамасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Мақсаты – қазақ мәдениетін, соның ішінде домбырамен орындалатын ұлттық музыканы әлемге таныту және ең биік шыңдарды бағындырған музыкалық аспап ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізу болып табылады.
"Айленд Пикке бағытталған экспедиция 15 күнге созылды.Бұл өрлеу тек спорттық жетістік қана емес, сонымен қатар патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі болды. Әлібек Конституцияның мәтінін еліміздің Ата Заңына деген құрмет белгісі ретінде шыңға көтеру бойынша Конституциялық сотқа жүгінді. Конституциялық сот бұл бастаманы қолдап, Конституцияның ресми мәтінін ұсынды", - делінген хабарламада.
Әлібек биіктік пен ауа райының күрделі жағдайларына қарамастан, Конституцияны Гималайдың әйгілі шыңдарының біріне салтанатты түрде алып шығу үшін барлық сынақтардан өтті.
"Мен үшін Конституция – барлық заңдардың шыңы. Бұл жай ғана құжат емес, бұл – рухани тірек, бірлігіміздің, құқықтарымыз бен бостандығымыздың символы. Ата Заң мен домбыраны алып шыққанда мен жүк емес, күш сезіндім. Экспедицияның қатал жағдайларында олар менің мотивациямды арттырып, рухымды күшейттті. Айленд Пик шыңын Қазақстанның дәл осы нышандарымен бағындырғаныма мақтанамын", - дейді Әлібек.
Осы тарихи өрлеу барысында Әлібек Эверест етегінде ұлы қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай оның "Әлқисса" күйін де орындады.