https://sputnik.kz/20250516/qazaqstan-galymdary-maqtanyn-zhana-surpyn-shygardy-53551079.html
Қазақстан ғалымдары мақтаның жаңа сұрпын шығарды
Қазақстан ғалымдары мақтаның жаңа сұрпын шығарды
Sputnik Қазақстан
Сұрып вилт ауруына төзімділігімен ерекшеленеді 16.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-16T08:00+0500
2025-05-16T08:00+0500
2025-05-16T08:00+0500
түркістан облысы
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1c/15318238_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_2a764f5e29ef054a7ace53dfd8008a6a.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында "Мақтаарал-5027" атты жаңа мақта сұрпы белсенді түрде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі."Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірбие станциясы" ғалымдары шығарған бұл сұрып ерте пісетін топқа жатады, өскіннен бастап алғашқы қауашақтың ашылуына дейін 115–117 күн уақыт кетеді. "Мақтаарал-5027" сұрпы талшығының шығымы 37–38%, ұзындығы 33,5–33,7 мм. Бұтасы конус тәрізді, жайылмалы емес, биіктігі 120–125 см. Қауашақтары дөңгелек, сәл бұдырлы, бес жапырақты, жақсы ашылады және пісіп-жетілгенде түспейді. 1000 тұқымның салмағы 122,5–124,2 грамды құрайды.Аталмыш сұрып мақта көбелегі мен карадринаға төзімді. Сонымен қатар тыңайтқыштарға бейімделген, кеш суаруға төзімді және механикалық жинауға ыңғайлы.
https://sputnik.kz/20250324/turkistan-oblysynda-200-mlrd-tengenin-toqyma-klasteri-qurylady-51889063.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1c/15318238_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5ccd7f09d119e6a0d3c80ca26681cc92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, ауыл шаруашылығы
түркістан облысы, ауыл шаруашылығы
Қазақстан ғалымдары мақтаның жаңа сұрпын шығарды
Сұрып вилт ауруына төзімділігімен ерекшеленеді
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында "Мақтаарал-5027" атты жаңа мақта сұрпы белсенді түрде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірбие станциясы" ғалымдары шығарған бұл сұрып ерте пісетін топқа жатады, өскіннен бастап алғашқы қауашақтың ашылуына дейін 115–117 күн уақыт кетеді.
"Өнімділігі гектарына 43,4 центнерге дейін жетеді. Сұрып вилт ауруына төзімділігімен ерекшеленеді, ауруға шалдығу деңгейі тек 0,1% құрайды", - деп жазылған хабарламада.
"Мақтаарал-5027" сұрпы талшығының шығымы 37–38%, ұзындығы 33,5–33,7 мм. Бұтасы конус тәрізді, жайылмалы емес, биіктігі 120–125 см. Қауашақтары дөңгелек, сәл бұдырлы, бес жапырақты, жақсы ашылады және пісіп-жетілгенде түспейді. 1000 тұқымның салмағы 122,5–124,2 грамды құрайды.
Аталмыш сұрып мақта көбелегі мен карадринаға төзімді. Сонымен қатар тыңайтқыштарға бейімделген, кеш суаруға төзімді және механикалық жинауға ыңғайлы.