https://sputnik.kz/20250324/turkistan-oblysynda-200-mlrd-tengenin-toqyma-klasteri-qurylady-51889063.html
Түркістан облысында 200 млрд теңгенің тоқыма кластері құрылады
Түркістан облысында 200 млрд теңгенің тоқыма кластері құрылады
Sputnik Қазақстан
Егіс алқаптарына 50 мың гектардан астам жер бөлінді, 10 зауыт салу жоспарланып отыр 24.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-24T13:23+0500
2025-03-24T13:23+0500
2025-03-24T14:03+0500
түркістан облысы
зауыт
https://sputnik.kz/img/79/08/790860_20:0:1080:596_1920x0_80_0_0_0278fbbec5d89d533884d78ab86105f8.jpg
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден астам мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. Олжас Бектенов Қытайдың Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихаймен кездесті. Екі тарап Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысын қарады.Инвестициялардың жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асады. 4 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде 3 мың тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.Бүгінде кластердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ПВХ құбырларын шығаратын зауыт іске қосылды, тоқыма фабрикаларының құрылысы басталды.Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихай еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды және жоба үшін өңірдің қолайлы климаттық ерекшеліктерін атап өтті. Ол биылғы қазан айынан бастап дайын өнімнің алғашқы өндірісін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.Айта кетейік, Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd – Қытайдың мақта өнеркәсібіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Шыңжаң компаниясы қытайлық 500 ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының рейтингінде 55-ші орында тұр. Компания тұқым өсіруден бастап, тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі мақтаны кешенді өңдеуге және толық өндірістік циклды басқаруға маманданған.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/79/08/790860_152:0:947:596_1920x0_80_0_0_35a3195d19f9cfbba0d664f65c7af105.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, зауыт
Түркістан облысында 200 млрд теңгенің тоқыма кластері құрылады
13:23 24.03.2025 (жаңартылды: 14:03 24.03.2025) Егіс алқаптарына 50 мың гектардан астам жер бөлінді, 10 зауыт салу жоспарланып отыр
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден астам мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Олжас Бектенов Қытайдың Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихаймен кездесті. Екі тарап Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысын қарады.
"Егіс алқаптарына 50 мың гектардан астам жер бөлінді, 10 зауыт салу жоспарланып отыр. Оның ішінде 4-уі мақта өңдеуге, 2-уі заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, тамшылатып суару жүйелерін өндіруге қатысты. Сондай-ақ тігін және бояу-әрлеу фабрикасын қоса алғанда, 4 тоқыма зауыты бар", - деп жазды ведомство.
Инвестициялардың жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асады. 4 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде 3 мың тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.
Бүгінде кластердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ПВХ құбырларын шығаратын зауыт іске қосылды, тоқыма фабрикаларының құрылысы басталды.
Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихай еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды және жоба үшін өңірдің қолайлы климаттық ерекшеліктерін атап өтті. Ол биылғы қазан айынан бастап дайын өнімнің алғашқы өндірісін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Айта кетейік, Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd – Қытайдың мақта өнеркәсібіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Шыңжаң компаниясы қытайлық 500 ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының рейтингінде 55-ші орында тұр. Компания тұқым өсіруден бастап, тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі мақтаны кешенді өңдеуге және толық өндірістік циклды басқаруға маманданған.