https://sputnik.kz/20250516/mektepterdi-nege-zeynetkerler-kuzetip-zhur--ministr-orynbasary-sebebin-tusindirdi-53614233.html
Мектептерді неге зейнеткерлер күзетіп жүр – министр орынбасары себебін түсіндірді
Мектептерді неге зейнеткерлер күзетіп жүр – министр орынбасары себебін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Мектеп пен жеке меншік күзет агенттіктері арасында келісімшарт жасау мәселесіне министрлік жауап бермейді 16.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-16T18:53+0500
2025-05-16T18:53+0500
2025-05-16T18:53+0500
мектеп
күзетші
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18949851_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_55fe737412ddc212dd0a611d1ee60d98.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мектептерді не себепті зейнеткерлер күзетіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін мәжілісте құқық бұзушылықты алдын алу мәселесі талқыланды. Сол кезде депутат Наталья Дементьева мектептердің қауіпсіздік мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бүгінде оқу-ағарту министрлігі мектептерді күзететін мамандарға қатысты нақты талап қоя алмай отыр.Отырысқа қатысқан ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осы мәселенің себебін түсіндірді. Бүгінде мектептердің саны жыл сайын өсіп келеді. Ал учаскелік полицейлер тапшы. Оған қоса, "қит етсе, полицияны қысқартып жатады"."Бүгінде бізге 25 мың полицей жетіспей отыр. Соның ішінде 13 мың маман – учаскелік полицейлер және олардың көмекшілері. Бізде қазір адам санын арттыруға мораторий бар", - деді Лепеха.Ал мектеп пен жеке меншік күзет агенттіктері арасында келісімшарт жасау мәселесіне министрлік жауап бермейді."Оны мектеп директоры шешеді. Конкурстық құжаттарда ол нақты талаптарды жаза алады. Мәселен, 45 жастан аспаған күзетшілер, тек еркектер немесе әйелдер ғана болсын деп жазады. Ал, ең бастысы, барлығы ақшаға тіреледі. Қаржы тапшы, оларға белгілі бір соманы береді, соған күзетті жалдаңдар дейді. Соның нәтижесінде жаңағы өзіңіз айтқан күзетшілер жұмыс істейді", - дейді Лепеха.
https://sputnik.kz/20241113/zhogargy-cot-zhumystan-bosatylgan-kuzet-serzhantyn-aqtap-aldy-48484485.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18949851_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_d99cb7887c75dbee755972b650d1bddd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, күзетші
Мектептерді неге зейнеткерлер күзетіп жүр – министр орынбасары себебін түсіндірді
Мектеп пен жеке меншік күзет агенттіктері арасында келісімшарт жасау мәселесіне министрлік жауап бермейді
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мектептерді не себепті зейнеткерлер күзетіп жүргенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілісте құқық бұзушылықты алдын алу мәселесі талқыланды. Сол кезде депутат Наталья Дементьева мектептердің қауіпсіздік мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бүгінде оқу-ағарту министрлігі мектептерді күзететін мамандарға қатысты нақты талап қоя алмай отыр.
"Бұрын мектепте учаскелік полицейлер жүретін. Қазіргі жағдай оңып тұрып жоқ. Күзет агенттіктері мектепке көбінесе егде жастағы адамдарды - зейнеткерлерді жібереді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да кездесіп жатады. Олардың еңбегін бағалаймыз. Бірақ күзет мамандары белгілі бір жағдайда әрекет ете алатындай болуы керек", - деді Дементьева.
Отырысқа қатысқан ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осы мәселенің себебін түсіндірді. Бүгінде мектептердің саны жыл сайын өсіп келеді. Ал учаскелік полицейлер тапшы. Оған қоса, "қит етсе, полицияны қысқартып жатады".
"Бүгінде бізге 25 мың полицей жетіспей отыр. Соның ішінде 13 мың маман – учаскелік полицейлер және олардың көмекшілері. Бізде қазір адам санын арттыруға мораторий бар", - деді Лепеха.
Ал мектеп пен жеке меншік күзет агенттіктері арасында келісімшарт жасау мәселесіне министрлік жауап бермейді.
"Оны мектеп директоры шешеді. Конкурстық құжаттарда ол нақты талаптарды жаза алады. Мәселен, 45 жастан аспаған күзетшілер, тек еркектер немесе әйелдер ғана болсын деп жазады. Ал, ең бастысы, барлығы ақшаға тіреледі. Қаржы тапшы, оларға белгілі бір соманы береді, соған күзетті жалдаңдар дейді. Соның нәтижесінде жаңағы өзіңіз айтқан күзетшілер жұмыс істейді", - дейді Лепеха.