https://sputnik.kz/20241113/zhogargy-cot-zhumystan-bosatylgan-kuzet-serzhantyn-aqtap-aldy-48484485.html
Жоғарғы cот жұмыстан заңсыз босатылған күзет сержантын ақтап алды
Жоғарғы cот жұмыстан заңсыз босатылған күзет сержантын ақтап алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Жоғарғы cот жұмыстан босатылған күзет бөлімі бақылаушысының талап арызын қанағаттандырып, оны ақтап шықты. 13.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-13T13:00+0500
2024-11-13T13:00+0500
2024-11-13T13:15+0500
күзетші
сот
https://sputnik.kz/img/136/39/1363989_0:152:1280:872_1920x0_80_0_0_d63f7fd5c9756a8df20b39649f92dad8.jpg
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Жоғарғы cот жұмыстан босатылған күзет бөлімі бақылаушысының талап арызын қанағаттандырып, оны ақтап шықты.Жоғарғы cоттың мәліметінше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы лауазымында қызмет атқарып жүрген аға сержант қалалық ауруханада тергеуде болған әйелді дәліз маңындағы есіктің қасында күзетіп тұрған. Күдікті отырған бөлмеде әділет лейтенанты инспектор-психолог болған.Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін күзет бөлімінің бақылаушысы қызметінен босатылды. Ол мұнымен келіспей, жұмысын қайта қалпына келтіру үшін сотқа жүгінді. Алайда жергілікті соттар жұмыстан босатудың заңдылығын көрсетіп, талап арызды қанағаттандырудан бас тартқан.Жоғарғы сот істі қарап, келесі себептер бойынша талап арызды қанағаттандырды:ҚР "Құқық қорғау қызметі туралы" заңында қызметтік тәртіпті өрескел бұзу негіздерінің нақты тізбесі көрсетілген, бірақ талап қоюшыға тағылған заң бұзушылық олардың құрамына кірмейді және онымен еңбек шартын бұзуға негіз бола алмайды.Талап қоюшы (ер адам) әйелді күзетпеуі керек еді, өйткені Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды қорғау және қадағалау қағидаларына сәйкес, егер күдікті немесе айыпталушы әйел ауруханаға жатқызылса, онда оны күзету үшін әйел бақылаушылар тағайындалады.Сонымен қатар тергеудегі адамды күзету жұмысын ұйымдастыруда заң бұзушылықтарға жол берілген және күдіктіні терезелері тормен жабдықталмаған, жеке есігі жоқ бөлмеге орналастырған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/136/39/1363989_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_951fd5113852ca15c9c44a3018e21633.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күзетші, сот
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Жоғарғы cот жұмыстан босатылған күзет бөлімі бақылаушысының талап арызын қанағаттандырып, оны ақтап шықты.
Жоғарғы cоттың мәліметінше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы лауазымында қызмет атқарып жүрген аға сержант қалалық ауруханада тергеуде болған әйелді дәліз маңындағы есіктің қасында күзетіп тұрған. Күдікті отырған бөлмеде әділет лейтенанты инспектор-психолог болған.
"Таңғы сағат 4 шамасында күдікті оны күзетіп тұрған әділет лейтенантының ұйықтап кеткенін пайдаланып, төсектің екі жаймасын жылыту батареясына байлап, терезе арқылы төменге түсіп, қашып кеткен. Кейіннен күдікті ұсталып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қамалған", - деп жазылған хабарламада.
Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін күзет бөлімінің бақылаушысы қызметінен босатылды. Ол мұнымен келіспей, жұмысын қайта қалпына келтіру үшін сотқа жүгінді. Алайда жергілікті соттар жұмыстан босатудың заңдылығын көрсетіп, талап арызды қанағаттандырудан бас тартқан.
Жоғарғы сот істі қарап, келесі себептер бойынша талап арызды қанағаттандырды:
ҚР "Құқық қорғау қызметі туралы" заңында қызметтік тәртіпті өрескел бұзу негіздерінің нақты тізбесі көрсетілген, бірақ талап қоюшыға тағылған заң бұзушылық олардың құрамына кірмейді және онымен еңбек шартын бұзуға негіз бола алмайды.
Талап қоюшы (ер адам) әйелді күзетпеуі керек еді, өйткені Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды қорғау және қадағалау қағидаларына сәйкес, егер күдікті немесе айыпталушы әйел ауруханаға жатқызылса, онда оны күзету үшін әйел бақылаушылар тағайындалады.
Сонымен қатар тергеудегі адамды күзету жұмысын ұйымдастыруда заң бұзушылықтарға жол берілген және күдіктіні терезелері тормен жабдықталмаған, жеке есігі жоқ бөлмеге орналастырған.