https://sputnik.kz/20250516/abay-oblysynda-etti-teren-ondeytin-onerkasip-kesheninin-qurylysy-bastaldy---53602399.html
Абай облысында етті терең өңдейтін өнеркәсіп кешенінің құрылысы басталды
Абай облысында етті терең өңдейтін өнеркәсіп кешенінің құрылысы басталды
Sputnik Қазақстан
Жобаның жалпы құны – 7,7 млрд теңге 16.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-16T13:50+0500
2025-05-16T13:50+0500
2025-05-16T13:50+0500
абай облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53602797_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3cd79d6204ce352d7d513c8d75e2112f.jpg
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Абай облысы Жаңа Семей ауданында ет пен ет өнімдерін терең өңдейтін заманауи өнеркәсіп кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі. Жоба бір ауысымда 35 тоннаға дейін сиыр, қой және жылқы етін өңдеуді көздейді. Жоғары сапалы шұжық, консерві, жартылай фабрикаттар мен жоғары санатты ет деликатестері өндірісі жолға қойылмақ. Кешенге қажетті жабдықтар Австралия мен Еуропа елдерінен жеткізіледі. Жобаның жалпы құны – 7,7 млрд теңге. Кешен іске қосылғаннан кейін шамамен 1000 тұрақты жұмыс орны ашылады. "Қазіргі таңда кешенді іске қосуға дайындық аясында 7 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы құрылған. Сонымен қатар, 10 мың бас ірі қара малға арналған алаңның құрылысы бойынша жобалық жұмыстар жүргізілуде", - дейді министрлік. Нысанды 2026 жылдың тамызында қолданысқа беру жоспарланған.
https://sputnik.kz/20250506/et-onimderin-ondiru-kolemi-de-artty-53205249.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53602797_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_16e3075569d2e491826868d9d9787b1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы
Абай облысында етті терең өңдейтін өнеркәсіп кешенінің құрылысы басталды
Жобаның жалпы құны – 7,7 млрд теңге
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Абай облысы Жаңа Семей ауданында ет пен ет өнімдерін терең өңдейтін заманауи өнеркәсіп кешенінің құрылысы басталды, деп
хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жоба бір ауысымда 35 тоннаға дейін сиыр, қой және жылқы етін өңдеуді көздейді. Жоғары сапалы шұжық, консерві, жартылай фабрикаттар мен жоғары санатты ет деликатестері өндірісі жолға қойылмақ.
"Сондай-ақ кәсіпорын былғары өнеркәсібіне арналған шикізат жеткізушісі болады. Осылайша, толыққанды өндірістік цикл құрып, өңірде агроиндустриялық экожүйе дамиды. Экологиялық талаптарға ерекше мән берілген, қолданылатын технологиялар қалдықсыз өндірісті қамтамасыз етіп, барлық экологиялық стандарттарға сай келеді", - делінген хабарламада.
Кешенге қажетті жабдықтар Австралия мен Еуропа елдерінен жеткізіледі. Жобаның жалпы құны – 7,7 млрд теңге. Кешен іске қосылғаннан кейін шамамен 1000 тұрақты жұмыс орны ашылады.
"Қазіргі таңда кешенді іске қосуға дайындық аясында 7 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы құрылған. Сонымен қатар, 10 мың бас ірі қара малға арналған алаңның құрылысы бойынша жобалық жұмыстар жүргізілуде", - дейді министрлік.
Нысанды 2026 жылдың тамызында қолданысқа беру жоспарланған.