Ет өнімдерін өндіру көлемі екі есе артты

© Sputnik / Санат ИмангалиевЕт өнімдері
Ет өнімдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Жазылу
Шұжық өнімдерінің экспорты 2,7 пайызға, ет консервілері 3,6 есеге өсті
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылдың алғашқы екі айында сиыр мен қой етінің экспорты 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскенін хабарлады.
Шұжық өнімдерінің экспорты 2,7 пайызға, ет консервілері 3,6 есеге өсті.
Жаңа сойылған мал еті және салқындатылған ет өндірісі 2024 жылы 5%-ға – 79,9 мың тоннадан 83,8 мың тоннаға дейін, шұжық өнімдерін өндіру – 5,2%-ға – 71,9 мың тоннаға дейін, ет консервілері – 4,9%-ға – 5,9 мың тоннадан 6,2 мың тоннаға дейін өсті.
2025 жылдың алғашқы үш айында еттің барлық түрін өндіру көлемі 2,8%-ға өсті, сонымен қатар:
субөнімдер – 20%-ға;
шұжық өнімдері – 12,6%-ға;
ет консервілері – 34,6%-ға.
Жеткізудің негізгі бағыттары мынандай болып отыр:
Өзбекстан – 20,7 мың тонна сиыр еті және 13,9 мың тонна қой еті;
БАӘ – 1,2 мың тонна қой еті;
Иран – 1,2 мың тонна қой еті.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2025
Биыл Абай облысында 7 млрд теңгенің өндірісі іске қосылады
Жаңалықтар
0