Қазақстаннан бұқаларды экспорттауға уақытша тыйым салынды

© Sputnik / Дмитрий Макеев / Медиабанкке өтуБұқа
Бұқа - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Жазылу
Бұл шара еліміздегі азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету және өңдеуші кәсіпорындардың жұмысын жандандыру үшін қолға алынды
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Республика аумағынан ірі қара малдың бұқаларын үш ай мерзімге уақытша экспорттауға тыйым салынды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сыртқы сауда қызметі және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.
Ауыл шаруашылығы мен қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығының бұқаларды экспорттауға тыйым салуға қатысты бөлігі 2025 жылдың 15 мамырынан бастап күшіне енді.
Бұл шара еліміздегі азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету және өңдеуші кәсіпорындардың жұмысын жандандыру үшін қолға алынды.
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылады
Жаңалықтар
0