https://sputnik.kz/20250515/qazaqstan-vetnamga-15-myn-tonna-biday-zhoneltedi-53581664.html
Қазақстан Вьетнамға 15 мың тонна бидай жөнелтеді
Қазақстан Вьетнамға 15 мың тонна бидай жөнелтеді
Sputnik Қазақстан
Жыл сайынғы жөнелтілім көлемі орта есеппен 7–8 млн тоннаны құрайды 15.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-15T22:12+0500
2025-05-15T22:12+0500
2025-05-15T22:12+0500
астық
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46964790_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ebbfcfd563798ed4fea042184d9cf6a6.jpg
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Қазақстандық астық жаңа экспорттық бағыттарды игеріп жатыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.2024–2025 жылдардың қыркүйек–сәуір айлары аралығында астық пен ұнның астық баламасындағы экспорты шамамен 10 млн тоннаға жетіп, өткен маусыммен салыстырғанда 37,4%-ға өсті.Жыл сайынғы жөнелтілім көлемі орта есеппен 7–8 млн тоннаны құрайды.Мамыр айының соңына дейін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Мароккоға алғашқы 60 мың тонна бидай жөнелтуді аяқтайды. Сонымен қатар, Вьетнамға 15 мың тонна көлемінде сынамалық партия жеткізуге келісімшарт жасалды.Ал дәстүрлі нарықтарға келер болсақ, бұл бағытта да экспорт айтарлықтай жанданды. 2024–2025 жылдың қыркүйек-сәуір айларында Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Түркия және Қытай астық пен ұнды (астық баламасында) импорттауды өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда едәуір арттырды:Осы аталған мерзім аралығында Қытайға 1,8 млн тонна астық пен ұн (астық баламасында) экспортталды, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 27%-ға артық.
https://sputnik.kz/20250414/qazaqstan-soltustik-afrika-men-marokkoga-biday-eksporttaydy-52469703.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46964790_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2ebc8413b36c8bddb608bdd4333975ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, экспорт
Қазақстан Вьетнамға 15 мың тонна бидай жөнелтеді
Жыл сайынғы жөнелтілім көлемі орта есеппен 7–8 млн тоннаны құрайды
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Қазақстандық астық жаңа экспорттық бағыттарды игеріп жатыр, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
2024–2025 жылдардың қыркүйек–сәуір айлары аралығында астық пен ұнның астық баламасындағы экспорты шамамен 10 млн тоннаға жетіп, өткен маусыммен салыстырғанда 37,4%-ға өсті.
Жыл сайынғы жөнелтілім көлемі орта есеппен 7–8 млн тоннаны құрайды.
"Былтыр диқандар рекордтық өнім жинап, бұл экспорт мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырды: Қазақстан жыл соңына дейін шетелге 12 млн тоннаға дейін астық жөнелте алады", - деп жазылған хабарламада.
Мамыр айының соңына дейін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Мароккоға алғашқы 60 мың тонна бидай жөнелтуді аяқтайды. Сонымен қатар, Вьетнамға 15 мың тонна көлемінде сынамалық партия жеткізуге келісімшарт жасалды.
Ал дәстүрлі нарықтарға келер болсақ, бұл бағытта да экспорт айтарлықтай жанданды. 2024–2025 жылдың қыркүйек-сәуір айларында Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Түркия және Қытай астық пен ұнды (астық баламасында) импорттауды өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда едәуір арттырды:
Өзбекстан – 2,6 млн тоннадан 3,3 млн тоннаға дейін (+28%);
Тәжікстан – 807,4 мың тоннадан 1,2 млн тоннаға дейін (+44%);
Қырғызстан – 116,6 мың тоннадан 278,1 мың тоннаға дейін (2,4 есе өскен);
Иран – 54 мың тоннадан 889 мың тоннаға дейін (16 есе өскен);
Әзербайжан – 5 мың тоннадан 569 мың тоннаға дейін (113 есе өскен);
Ауғанстан – 202 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін (+34%).
Осы аталған мерзім аралығында Қытайға 1,8 млн тонна астық пен ұн (астық баламасында) экспортталды, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 27%-ға артық.