https://sputnik.kz/20250414/qazaqstan-soltustik-afrika-men-marokkoga-biday-eksporttaydy-52469703.html
Қазақстан Солтүстік Африка мен Мароккоға бидай экспорттайды
Қазақстан Солтүстік Африка мен Мароккоға бидай экспорттайды
Sputnik Қазақстан
Бұл бағыттағы жөнелтілім көлемі 300 мың тоннадан асуы мүмкін 14.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-14T15:46+0500
2025-04-14T15:46+0500
2025-04-14T15:47+0500
астық
экспорт
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46964790_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ebbfcfd563798ed4fea042184d9cf6a6.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Солтүстік Африка мен Мароккоға 300 мың тонна бидай экспорттайды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі."Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 3 және 4 санаттағы бидайды сыртқы нарықтарға шығарып жатыр. Бүгінгі таңда ұлттық астық операторы жалпы көлемі 200 мың тоннадан астам астық жеткізу бойынша келісімшарттар жасаған."Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ экспорттық саясаты өткізу нарықтарын әртараптандыруға және алыс шетел нарықтарындағы позицияларын нығайтуға бағытталған. Министрлік мәліметінше, Еуропалық Одақ елдері, MENA аймағы (Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка), сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдері басты назарда тұр.Сонымен қатар компания Азов, Қара және Балтық теңіздері порттары арқылы; Ауғанстан, Иран, Әзербайжан, Грузия және Арменияға; Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне астықты қосымша көлемде жедел жеткізуге дайын.
https://sputnik.kz/20250328/qtzh-eki-ayda-24-mln-tonnadan-astam-astyq-tasymaldady-51992370.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46964790_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2ebc8413b36c8bddb608bdd4333975ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, экспорт, қазақстан
астық, экспорт, қазақстан
Қазақстан Солтүстік Африка мен Мароккоға бидай экспорттайды
15:46 14.04.2025 (жаңартылды: 15:47 14.04.2025) Бұл бағыттағы жөнелтілім көлемі 300 мың тоннадан асуы мүмкін
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Солтүстік Африка мен Мароккоға 300 мың тонна бидай экспорттайды, деп хабарлады
ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ 3 және 4 санаттағы бидайды сыртқы нарықтарға шығарып жатыр. Бүгінгі таңда ұлттық астық операторы жалпы көлемі 200 мың тоннадан астам астық жеткізу бойынша келісімшарттар жасаған.
"Сатылым географиясын кеңейту стратегиясы аясында Марокко мен Солтүстік Африка елдеріне астық жеткізу бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. Ағымдағы маркетингтік маусымның соңына дейін бұл бағыттағы жөнелтілім көлемі 300 мың тоннадан асуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ экспорттық саясаты өткізу нарықтарын әртараптандыруға және алыс шетел нарықтарындағы позицияларын нығайтуға бағытталған. Министрлік мәліметінше, Еуропалық Одақ елдері, MENA аймағы (Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка), сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдері басты назарда тұр.
Сонымен қатар компания Азов, Қара және Балтық теңіздері порттары арқылы; Ауғанстан, Иран, Әзербайжан, Грузия және Арменияға; Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне астықты қосымша көлемде жедел жеткізуге дайын.