ҚТЖ екі айда 2,4 млн тоннадан астам астық тасымалдады

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуАстық, бидай
Астық, бидай - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Жазылу
Астықтың ішкі тасымалы 30%-ке – 1,6 млн тоннаға дейін өсті
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. 2025 жылдың екі айында ғана ҚТЖ желісі бойынша 2,4 млн тоннадан астам астық тасымалданды. Бұл туралы ҚТЖ-дағы Астық штабының отырысында белгілі болды.
Жиын барысында маркетингтік жылдың бірінші жартыжылдығында (2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың ақпанына дейін) ҚТЖ желісі бойынша жаңа егін астығын тиеу көлемі 7,4 млн тоннаны құрағаны айтылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47%-ке артық.
Астықтың ішкі тасымалы 30%-ке, яғни 1,6 млн тоннаға дейін өсті, ал экспорттық жеткізілім 53%-ке артып, 5,8 млн тоннаға жетті.
"2025 жылдың екі айында ғана ҚТЖ желісі бойынша 2,4 млн тоннадан астам астық (+42,5%) тасымалданды, оның ішінде экспортқа – 1,9 млн тонна(+44,5%) шығарылған", - деп жазылған хабарламада.
Экспорттың өсуі барлық негізгі бағытта байқалады: Орталық Азия елдеріне 3,2 млн тонна астық (+33%), Ауғанстанға – 248 мың тонна (+36%) жөнелтілді. Иранға (+660 мың тонна өсім 17 есе) және Әзербайжанға (+360 мың тонна 90 есе өсім) жеткізілімдер қайта басталды.
Компанияда хабарлағандай, қазіргі уақытта астық тасымалдаушылар мен жабық вагондардың профициті байқалады. Бұл наурыздың ұзақ мерекелеріне байланысты тиеу қарқынының төмендеуімен байланысты болып отыр.
Жүк вагондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
ҚТЖ-ның еншілес ұйымы бәсекелестік заңын өрескел бұзған
Жаңалықтар
0