KazanForum аясында алғаш рет ИЫҰ мәдениет министрлерінің съезі өтті

© РИА "Новости"KazanForum аясында алғаш рет ИЫҰ мәдениет министрлерінің съезі өтті
KazanForum аясында алғаш рет ИЫҰ мәдениет министрлерінің съезі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Жазылу
Съезд "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" XVI халықаралық экономикалық форумы аясында өтті
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Қазанда Ресей тарихында алғаш рет Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлерінің съезі өтті, деп хабарлады РИА Новости.
Съезд "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" XVI халықаралық экономикалық форумы аясында ұйымдастырылды.
"Қазан қаласында "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" XVI халықаралық экономикалық форумы аясында Ресей тарихында алғаш рет Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдері мәдениет министрлерінің бірінші съезі өтті", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, көпполярлы әлемде бірегейлік пен әртүрлілікті сақтаудың негізі ретіндегі мәдениеттер диалогы кездесудегі талқылау тақырыбы болды. Оған Әзербайжан, Бахрейн, Гвинея-Бисау, Индонезия, Иран, Қазақстан, Мавритания, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Палестина, Сауд Арабиясы, Сомали, Судан, Сьерра-Леоне, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Ислам білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы мен Араб мемлекеттері лигасының өкілдері қатысты.
Ресей — ислам әлемі KazanForum-ға алғаш рет әлемнің 103 елінен қатысушылар келеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
KazanForum-да 103 елдің өкілдері бас қосады
Жаңалықтар
0