https://sputnik.kz/20250514/kazanforum-da-alemnin-103-el-okilderi-bas-qosady-53521216.html
KazanForum-да 103 елдің өкілдері бас қосады
KazanForum-да 103 елдің өкілдері бас қосады
Sputnik Қазақстан
Татарстан астанасында өтетін форум аясында Қазақстан делегациясы дөңгелек үстел ұйымдастырады 14.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-14T16:05+0500
2025-05-14T16:05+0500
2025-05-14T16:27+0500
форум
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0e/53512641_0:123:3203:1925_1920x0_80_0_0_05098ecba6e8976f1108f40bf98ebf62.jpg
АСТАНА, 14 мамыр-Sputnik. Алғаш рет "Ресей - ислам әлемі: KazanForum" Халықаралық экономикалық форумына 103 елдің өкілдері қатысады, деп хабарлады ұйымдастырушылар.Қазақстандық делегацияны сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов басқарады. Республиканың кәсіпкерлері мен мемлекеттік органдары форумда ұлттық стенд ұсынады, ал іс-шаралар бағдарламасында дөңгелек үстел жоспарланған.KazanForum-да не талқыланады Форумның күн тәртібіндегі басты оқиға "Солтүстік - Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі" сессиясы болмақ. Халықаралық көлік дәлізі, оның ішінде Қазақстан арқылы өтетін инфрақұрылым қалай дамиды, қатысушы елдер географиясын кеңейту, жүктерді тасымалдаудың құқықтық негізін әзірлеу бойынша қандай жоспар бар деген мәселелер талқыланбақ.Пленарлық отырыс 16 мамырда өтеді және "Цифрландыру: жаңа шындық және ынтымақтастықты кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер" тақырыбына арналады, деді ұйымдастырушылар. Олар цифрландыру өмірдің барлық саласына - қаржы мен жылжымайтын мүліктен мәдениетке дейін айтарлықтай әсер ететініне сенімді.Kazanforum алаңында Татарстан басшысы Рустам Минниханов басқаратын "Ресей - ислам әлемі" стратегиялық көзқарас тобының отырысы өтеді. Биыл оның тақырыбы - "Ресей мен ислам әлемі елдерінің жастар саясаты саласындағы тәжірибесі: ортақ сынақтар мен бірлескен іс-қимылдар".Форум аясында халықаралық көрмелер мен конференциялар, жәрмеңкелер, сән фестивалі, футбол турнирі және т.б. шаралар ұйымдастырылады. "Ресей - ислам әлемі: KazanForum 2025" ХVI Халықаралық экономикалық форумы 14-18 мамыр аралығында өтеді.
https://sputnik.kz/20250513/qazanda-resey--islam-alemi-kazanforum-khalyqaralyq-ekonomikalyq-forumy-otip-zhatyr-53501912.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0e/53512641_236:0:2967:2048_1920x0_80_0_0_bd4434aba3634280cf425f58975f76b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
форум, ресей
KazanForum-да 103 елдің өкілдері бас қосады
16:05 14.05.2025 (жаңартылды: 16:27 14.05.2025) Татарстан астанасында өтетін форум аясында Қазақстан делегациясы дөңгелек үстел ұйымдастырады
АСТАНА, 14 мамыр-Sputnik. Алғаш рет "Ресей - ислам әлемі: KazanForum" Халықаралық экономикалық форумына 103 елдің өкілдері қатысады, деп
хабарлады ұйымдастырушылар.
"Форумға алғаш рет 103 елдің қатысушылары тіркелді. Форум кеңейіп келеді. Бұл әр түрлі тәртіптегі 200-ге жуық іс-шара. Биылғы жылдың басты тақырыбы - цифрландыру, жаңа шындық", - деді Татарстанның инвестициялық даму агенттігінің басшысы Талия Минуллина журналистерге.
Қазақстандық делегацияны сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов басқарады. Республиканың кәсіпкерлері мен мемлекеттік органдары форумда ұлттық стенд ұсынады, ал іс-шаралар бағдарламасында дөңгелек үстел жоспарланған.
KazanForum-да не талқыланады
Форумның күн тәртібіндегі басты оқиға "Солтүстік - Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі" сессиясы болмақ.
Халықаралық көлік дәлізі, оның ішінде Қазақстан арқылы өтетін инфрақұрылым қалай дамиды, қатысушы елдер географиясын кеңейту, жүктерді тасымалдаудың құқықтық негізін әзірлеу бойынша қандай жоспар бар деген мәселелер талқыланбақ.
Пленарлық отырыс 16 мамырда өтеді және "Цифрландыру: жаңа шындық және ынтымақтастықты кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер" тақырыбына арналады, деді ұйымдастырушылар. Олар цифрландыру өмірдің барлық саласына - қаржы мен жылжымайтын мүліктен мәдениетке дейін айтарлықтай әсер ететініне сенімді.
Kazanforum алаңында Татарстан басшысы Рустам Минниханов басқаратын "Ресей - ислам әлемі" стратегиялық көзқарас тобының отырысы өтеді. Биыл оның тақырыбы - "Ресей мен ислам әлемі елдерінің жастар саясаты саласындағы тәжірибесі: ортақ сынақтар мен бірлескен іс-қимылдар".
Форум аясында халықаралық көрмелер мен конференциялар, жәрмеңкелер, сән фестивалі, футбол турнирі және т.б. шаралар ұйымдастырылады.
"Ресей - ислам әлемі: KazanForum 2025" ХVI Халықаралық экономикалық форумы 14-18 мамыр аралығында өтеді.