Қазанда "Ресей — Ислам әлемі: KazanForum" халықаралық экономикалық форумы өтіп жатыр

© Photo : https://kazanforum.ru/Қазанда "Ресей — Ислам әлемі: KazanForum" Халықаралық экономикалық форумы басталды
Қазанда Ресей — Ислам әлемі: KazanForum Халықаралық экономикалық форумы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Жазылу
Іс-шараға 10 мыңнан астам адам жиналды
АСТАНА, 13 мамыр - Sputnik. Қазанда "Ресей — Ислам әлемі: KazanForum" XVI Халықаралық экономикалық форумы басталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның басты мақсаты - Ресейдің Ислам әлемі елдерімен диалогы мен ынтымақтастығы үшін тұрақты алаң болу.
13-18 мамыр аралығында өтетін іс-шараға әлемнің 100-ден астам елінен 10 мыңнан астам адам жиналды. Форум алаңында Қазақстан және Малайзия өкілдерімен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ Иранмен өнеркәсіптік диалог өтеді.
Қатысушылар үшін Татарстанның ислам сәулет мұрасының ескерткіштеріне экскурсия жоспарланған.
Бір күн бұрын форумға қатысушыларға Ресей президенті Владимир Путин сөз арнап, ол Ресейдің Ислам әлемімен серіктестігінің тарихи тереңдігі мен тұрақты сипатын және Татарстанның осы бағыттағы жемісті жұмысы жайында айтты.
"Ғасырлар бойы біздің көпұлтты еліміз Ислам әлемі мемлекеттерімен кең ауқымды өзара іс-қимыл жасауға ашық болды", - деді Путин.
Ресей президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы іскерлік және мәдени бағдарламаның маңызды бөлігі екенін айтты.
Ресей Қазақстанды Волгоградтағы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық форумға шақырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіске 80 жыл: Ресей Қазақстанды халықаралық форумға шақырды
Жаңалықтар
0