https://sputnik.kz/20250515/agrobizneske-bolingen-nesiege-sauna-men-sauda-uyin-salgan-basshy-qamauga-alyndy-53551237.html
Агробизнеске бөлінген несиеге сауна мен сауда үйін салған басшы қамауға алынды
Агробизнеске бөлінген несиеге сауна мен сауда үйін салған басшы қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Батыс Қазақстан облысында несиелік серіктестік басшысы 150,7 млн теңге көлемінде субсидияны жымқырған 15.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-15T11:35+0500
2025-05-15T11:35+0500
2025-05-15T11:35+0500
батыс қазақстан облысы
субсидиялар
https://sputnik.kz/img/103/61/1036177_0:182:4896:2936_1920x0_80_0_0_fad1b02cc9d99dd72303a62c6ee02080.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті несиелік серіктестік басшысына қатысты 150,7 млн теңге көлеміндегі субсидияны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.Күдікті "Агробизнес" несиелеу бағдарламасы аясында бақылауындағы шаруа қожалығының атына заңсыз түрде 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеген. Субсидия заңды түрде алынды деп көрсету мақсатында ол басқа шаруа қожалықтарынан асыл тұқымды сиыр сатып алды деген жалған құжаттар ұсынған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті жер телімдерін сатып алып, олардың бірінде сауна мен сауда үйін салған. Аталған мүлікті жасыру мақсатында оны туысының атына рәсімдеген. Сот санкциясымен жалпы құны 198 млн теңге болатын мүлікке — 2 жер теліміне, сауда үйіне, саунаға және "Exeed LX" маркалы автокөлікке — тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.
https://sputnik.kz/20250514/qurmet-ordeninin-iegeri-alayaqtyq-areketi-ushin-8-zharym-zhylga-sottaldy-53510289.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/61/1036177_417:0:4769:3264_1920x0_80_0_0_fba2cb23d1852973d5b36834e9971d0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, субсидиялар
батыс қазақстан облысы, субсидиялар
Агробизнеске бөлінген несиеге сауна мен сауда үйін салған басшы қамауға алынды
Батыс Қазақстан облысында несиелік серіктестік басшысы 150,7 млн теңге көлемінде субсидияны жымқырған
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті несиелік серіктестік басшысына қатысты 150,7 млн теңге көлеміндегі субсидияны жымқыру фактісі бойынша
тергеуді аяқтады.
Күдікті "Агробизнес" несиелеу бағдарламасы аясында бақылауындағы шаруа қожалығының атына заңсыз түрде 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеген.
"Бұл қаражат тиісті жеріне жұмсалмай, шаруа қожалығының шотынан қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сонымен қатар, мал шаруашылығының ақпараттық жүйесі базасына жалған ақпарат енгізу арқылы ол 2017–2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бөлінген 24 млн теңге көлеміндегі субсидияны да заңсыз алған", - дейді агенттік.
Субсидия заңды түрде алынды деп көрсету мақсатында ол басқа шаруа қожалықтарынан асыл тұқымды сиыр сатып алды деген жалған құжаттар ұсынған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті жер телімдерін сатып алып, олардың бірінде сауна мен сауда үйін салған.
Аталған мүлікті жасыру мақсатында оны туысының атына рәсімдеген.
Сот санкциясымен жалпы құны 198 млн теңге болатын мүлікке — 2 жер теліміне, сауда үйіне, саунаға және "Exeed LX" маркалы автокөлікке — тыйым салынды.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.