"Құрмет" орденінің иегері алаяқтық әрекеті үшін 8,6 жылға сотталды

© AP Photo / J Pat Carter"Құрмет" орденінің иегері алаяқтық әрекеті үшін 8 жарым жылға сотталды
Құрмет орденінің иегері алаяқтық әрекеті үшін 8 жарым жылға сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
Оған серіктесімен бірге Ақмола облысында ірі жоба салуға бағытталған 8,5 млрд теңгені ұрлады деген айып тағылды
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде жәбірленушілердің ақшалай қаражатын бірнеше рет ұрлады деп айыпталған екі азаматқа қатысты үкім шығарды.
"Күдікке ілінген Б және М есімді екі азамат басқа адамдармен бірлесіп, алдын ала сөз байласу арқылы әрекет ете отырып, 2020-2022 жылдар аралығында "Ерейментау қаласында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу" жобасын іске асыруға арналған серіктестіктің ("Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының еншілес компаниясы) ақшалай қаражатын ұрлағаны анықталды", - делінген хабарламада.
Ұрлық жалған келісімдер және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған. Шығын мөлшері 8,5 млрд теңгеден асады.
Сондай-ақ олар 2021 жылдың қазан айында "П" акционерлік қоғамымен трансформаторлық қосалқы станцияларды жеткізуге шарт жасасқан, алайда өз міндеттемелерін орындамаған.
Нәтижесінде "П" акционерлік қоғамына 157 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, банк үзінділерімен, заттар мен құжаттарды тексеру хаттамаларымен расталды.
Сот үкімімен Б есімді азамат 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік наградасы – "Құрмет" ордені алынды. Ал М есімді азаматқа 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Жәбірленуші тарап - серіктестіктің азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, 8,5 млрд және 3 млн теңгеден астам сот шығыстары өндірілді. Талап қоюдың қалған бөлігі қараусыз қалдырылды.
5,5 млрд теңге залал: Ақтауда үлескерлерді алдаған құрылыс компаниясының басшылары сотталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
5,5 млрд теңге залал: Ақтауда үлескерлерді алдаған құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаңалықтар
0