https://sputnik.kz/20250513/55-mlrd-tenge-zalal-aqtauda-uleskerlerdi-aldagan-qurylys-kompaniyasy-basshylary-sottaldy--53498807.html
5,5 млрд теңге залал: Ақтауда үлескерлерді алдаған құрылыс компаниясы басшылары сотталды
5,5 млрд теңге залал: Ақтауда үлескерлерді алдаған құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Sputnik Қазақстан
Үлескерлердің 1,1 млрд теңгесі алаяқтардан тәркіленген мүлкі есебінен өтелді 13.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-13T15:41+0500
2025-05-13T15:41+0500
2025-05-13T15:41+0500
ақтау
үлескерлер
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_0:147:3071:1874_1920x0_80_0_0_b658c4821d6292d78143b54a352888da.jpg
АЛМАТЫ, 13 мамыр - Sputnik. Ақтау қаласында "Сұлтан", "Аққала" және "Мұрагер" көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі. "ИнтерьерСтройАқтау" серіктестік басшылары құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттама болмағанына қарамастан, 590 үлестік келісімшарт жасасқан. 1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, компания басшылығы тарапынан иемделген. "Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды. Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды", - дейді агенттік. Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударылды.
https://sputnik.kz/20250305/uleskerler-ushin-manyzdy-ozgeris-zanga-engizilui-mumkin-51357379.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_238:0:2969:2048_1920x0_80_0_0_2f044b4f385a2c8b9183652af988a69c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, үлескерлер, алаяқтық
ақтау, үлескерлер, алаяқтық
5,5 млрд теңге залал: Ақтауда үлескерлерді алдаған құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Үлескерлердің 1,1 млрд теңгесі алаяқтардан тәркіленген мүлкі есебінен өтелді
АЛМАТЫ, 13 мамыр - Sputnik. Ақтау қаласында "Сұлтан", "Аққала" және "Мұрагер" көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
"ИнтерьерСтройАқтау" серіктестік басшылары құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттама болмағанына қарамастан, 590 үлестік келісімшарт жасасқан.
"Салдарынан үлескерлерден заңсыз түрде 5,5 млрд теңгеден астам қаражат тартылған. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған", - дейді ведомство.
1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, компания басшылығы тарапынан иемделген.
"Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды. Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды", - дейді агенттік.
Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударылды.