https://sputnik.kz/20250514/qazaqstanda-zhana-memlekettik-meyramdy-bekitu-usynyldy--53532164.html
Қазақстанда жаңа мемлекеттік мейрамды бекіту ұсынылды
Қазақстанда жаңа мемлекеттік мейрамды бекіту ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Депутат 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мейрамдар тізіміне қосуды ұсынды 14.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-14T19:10+0500
2025-05-14T19:10+0500
2025-05-14T19:10+0500
мейрам
https://sputnik.kz/img/07e8/06/01/44703995_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2e76fe7817c3a2c8b4abe207e44db630.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мейрамдар тізіміне қосуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Фракция депутаты Кенжеғұл Сейітжанның айтуынша, үкімет тиісті қаулы шығаруы қажет. Сонда Балаларды қорғау күні мемлекеттік мейрамдар тізіміне қосылады. Оның айтуынша, осы шараның арқасында отбасы институтын күшейтуге болады. Ал ата-аналар балаларымен көбірек уақыт өткізе алады. Сондай-ақ, фракция депутаты мемлекеттік мейрамдарға қатысты демалыс күндерін ауыстыру шешімін екі апта немесе бір жарым ай бұрын емес, кем дегенде екі жыл бұрын қабылдау қажеттігін жеткізді. "Ондай қаулылар екі жыл бұрын шығарылуы қажет. Сонда, біріншіден, кәсіпорындар бизнес процестерін алдын ала жоспарлай алады. Екіншіден, жұмыс істеп жүрген азаматтар өзінің демалыстарын, отбасылық мейрамдарын ертерек жоспарлайды", - деп атап көрсетті депутат. Қазақстан халық партиясының фракциясы үкімет басшысына сауал жолдап, осы мәселелерді қарастыруды сұрады.
https://sputnik.kz/20241206/qazaqstanda-segiz-zhana-kasibi-mereke-bekitiledi--49092307.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/01/44703995_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_02e5fa9768c77bad80961696208012fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мейрам
Қазақстанда жаңа мемлекеттік мейрамды бекіту ұсынылды
Депутат 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мейрамдар тізіміне қосуды ұсынды
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мейрамдар тізіміне қосуды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Фракция депутаты Кенжеғұл Сейітжанның айтуынша, үкімет тиісті қаулы шығаруы қажет. Сонда Балаларды қорғау күні мемлекеттік мейрамдар тізіміне қосылады.
"Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мейрам ретінде бекіту туралы қаулы шығаруыңызды сұраймыз. Бұл бірнеше жақсылыққа әкеледі. Біріншіден, бұл - Балаларды қорғау күні. Екіншіден, отбасылық мейрамға айналады және отбасылық қарым-қатынастарды нығайтады", - деді Сейітжан мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, осы шараның арқасында отбасы институтын күшейтуге болады. Ал ата-аналар балаларымен көбірек уақыт өткізе алады. Сондай-ақ, фракция депутаты мемлекеттік мейрамдарға қатысты демалыс күндерін ауыстыру шешімін екі апта немесе бір жарым ай бұрын емес, кем дегенде екі жыл бұрын қабылдау қажеттігін жеткізді.
"Ондай қаулылар екі жыл бұрын шығарылуы қажет. Сонда, біріншіден, кәсіпорындар бизнес процестерін алдын ала жоспарлай алады. Екіншіден, жұмыс істеп жүрген азаматтар өзінің демалыстарын, отбасылық мейрамдарын ертерек жоспарлайды", - деп атап көрсетті депутат.
Қазақстан халық партиясының фракциясы үкімет басшысына сауал жолдап, осы мәселелерді қарастыруды сұрады.