Қазақстанда сегіз жаңа кәсіби мереке бекітіледі

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуТюльпаны
Тюльпаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекіту туралы бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл құжат "Ашық НҚА" сайтында желтоқсанға дейін қоғамдық талқыға шығарылып отыр. Оған сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесі атаулы күндермен толықтырылады. Олар:
28 қаңтар – қаржылық мониторингі органдарының күні;
шілденің бірінші жексенбісі – теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
тамыздың бірінші жексенбісі – теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;
қыркүйектің екінші жексенбісі – бақылау өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;
2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;
қазанның соңғы жексенбісі – автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;
10 қараша – бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;
13 желтоқсан – қылмыстық-атқару жүйесі күні.
"Бұдан басқа Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні бүған дейін ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 668 қаулысымен бекітілуіне байланысты аталған мерекелер қайталануды болдырмау мақсатында осы тізбеден алып тасталуы жоспарлануда", - делінген ресми хабарламада.
Зимний фестиваль Winter Family Party - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2024
Қысқы мерекелерде қазақстандықтар қанша күн демалады
Жаңалықтар
0