Қазақстан мен Татарстан ғалымдары Еуразия даласындағы халықтарға зерттеу жүргізеді

© Photo : Посольство России в Казахстане Қазақстан мен Татарстан ғалымдары Еуразия даласындағы халықтарға зерттеу жүргізеді
Қазақстан мен Татарстан ғалымдары Еуразия даласындағы халықтарға зерттеу жүргізеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
Рустам Минниханов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорын қабылдады
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Татарстан басшысы Рустам Минниханов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады.
Қазақстандағы Ресей елшілігінің хабарлауынша, кездесуде қазақстандық университет пен Татарстанның ғылым-білім беру кешені ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың келешек бағыттары талқыланды.
© Photo : Посольство России в Казахстане Татарстан басшысы Рустам Минниханов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады
Ректора КазНУ имени аль-Фараби Туймебаева принял Раис Татарстана Минниханов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Татарстан басшысы Рустам Минниханов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады
Кездесуге сондай-ақ Татарстанның білім және ғылым министрі Ильсур Хадиуллин, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Рифкат Минниханов, Татарстанның Қазақстандағы өкілетті өкілі Денис Валеев және Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулы Ерлан Ысқақов қатысты.
Қазақстандық делегация Татарстан Республикасының Ғылым академиясында да болды. Академия президенті Татарстан мен Қазақстан ғалымдары Алтын Орда тарихын бірлесіп зерттеп жатқанын хабарлады. Олар сонымен қатар этнологиялық зерттеулер жүргізіп, түркі тілдерін компьютерлік өңдеумен айналысып жатыр және макроэкономика мен аймақтық даму мәселелерін зерттеуде.
Рифкат Минниханов қазақстандық әріптестерін Еуразия даласы халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуде, археологиялық зерттеулерде, ғылыми журналдарға басылымдар дайындауда, сондай-ақ алдағы уақытта Қазандағы ірі халықаралық форумдарға қатысуда белсенді ынтымақтастыққа шақырды.
Қазанда Ресей — Ислам әлемі: KazanForum Халықаралық экономикалық форумы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Қазанда "Ресей — Ислам әлемі: KazanForum" халықаралық экономикалық форумы өтіп жатыр
Жаңалықтар
0