https://sputnik.kz/20250514/deputat-shetelden-qaytarylgan-50-mlrd-tengeni-arzan-ipotekaga-bagyttaudy-usyndy-53527761.html
Депутат шетелден қайтарылған 50 млрд теңгені арзан ипотекаға бағыттауды ұсынды
Депутат шетелден қайтарылған 50 млрд теңгені арзан ипотекаға бағыттауды ұсынды
Sputnik Қазақстан
2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте де "2-10-20" бағдарламасына қаражат қарастырылмаған 14.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-14T17:35+0500
2025-05-14T17:35+0500
2025-05-14T17:35+0500
депутат
баспана
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_0:40:3072:1768_1920x0_80_0_0_2cd846c537ae326c152e3fd382d76bbf.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары шетелден қайтарылған активтердің бір бөлігін халықты баспанамен қамтамасыз етуге жұмсауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бүгінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін баспана мәселесін шешудің жалғыз жолы – Отбасы банкінің 2 проценттік ипотекасы. Бұл бағдарламаға бюджет қаражаты бөлінбейді. 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте де "2-10-20" бағдарламасына қаражат қарастырылмаған.Бұған дейін "AMANAT" партиясы жанындағы өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңесте "2-10-20" ипотекалық бағдарламасына активтерді қайтару комитеті тартқан қаражат есебінен қарыз беру үшін "Отбасы банк" акционерлік қоғамын 50 млрд теңге көлемінде қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылған болатын. Бүгін депутат Бейсенғалиев вице-премьер Роман Склярға сауал жолдап, осы мәселеге қатысты үкіметтің ұстанымын білдіруді сұрады."Сізден осы депутаттық сауалды қарап, аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы үкіметінің ұстанымын білдіруді және қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде жауап беруді сұраймын", - деді Бейсенғалиев.
https://sputnik.kz/20250409/otbasy-bank-nauryz-ipoteka-bagdarlamasyna-qatysushylardyn-tizimin-zhariyalady-52330282.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_34:0:2765:2048_1920x0_80_0_0_9c905cbed1b1f70bd6cd6a0e5d3aba5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, баспана
Депутат шетелден қайтарылған 50 млрд теңгені арзан ипотекаға бағыттауды ұсынды
2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте де "2-10-20" бағдарламасына қаражат қарастырылмаған
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаттары шетелден қайтарылған активтердің бір бөлігін халықты баспанамен қамтамасыз етуге жұмсауды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бүгінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін баспана мәселесін шешудің жалғыз жолы – Отбасы банкінің 2 проценттік ипотекасы. Бұл бағдарламаға бюджет қаражаты бөлінбейді. 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте де "2-10-20" бағдарламасына қаражат қарастырылмаған.
"Әлеуметтік осал топтарға кредит беру үшін бюджет қаражатының болмауына байланысты қарыздар бұрын қалыптасқан қайтарымды қаражат есебінен ғана беріледі, олардың көлемі өте шектеулі. Осыған байланысты қазіргі уақытта "2-10-20" бағдарламасы бойынша жаңа объектілерді мақұлдау процесі тоқтатылған", - деді Бейсенғалиев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Бұған дейін "AMANAT" партиясы жанындағы өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңесте "2-10-20" ипотекалық бағдарламасына активтерді қайтару комитеті тартқан қаражат есебінен қарыз беру үшін "Отбасы банк" акционерлік қоғамын 50 млрд теңге көлемінде қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылған болатын. Бүгін депутат Бейсенғалиев вице-премьер Роман Склярға сауал жолдап, осы мәселеге қатысты үкіметтің ұстанымын білдіруді сұрады.
"Сізден осы депутаттық сауалды қарап, аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы үкіметінің ұстанымын білдіруді және қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде жауап беруді сұраймын", - деді Бейсенғалиев.