Армения Қазақстанның Оңтүстік Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі - Тоқаев

© Photo : АкордаМемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады
Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
Армян тарапы орайлы сәтті пайдалана отырып, Қазақстанның Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнатуға күш салғаны үшін алғыс айтты
АСТАНА, 14 мамыр - Sputnik. Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Армения парламенті спикерінің сапары екіжақты ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызға ие екенін айтты. Президент өзара ықпалдастықты ілгерілетуге заң шығарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі қажет деп санайды.
"Армения Қазақстанның Оңтүстік Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі. Бүгінде қазақ-армян қарым-қатынасы көптеген бағыт бойынша жоспарға сай дамып келеді. Бұған тұрақты саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар ықпал етіп отыр", - деді Тоқаев.
Ален Симонян қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына және Қазақстан халқына шынайы ықыласын жеткізді. Ол екіжақты диалогтың басты тетіктерінің бірі ретінде парламентаралық ықпалдастықты нығайту мен сенімді саяси серіктестік орнатудың мәні зор екеніне тоқталды.
Сондай-ақ Ұлттық жиналыс төрағасы Арменияның Қазақстанмен экономикалық байланыстарды жандандыруға мүдделі екенін айтты. Оның пікірінше, өзара сауда-саттық көлемін арттыруға ықпал ететін нақты шараларды қолға алу керек.
Армян тарапы орайлы сәтті пайдалана отырып, Қазақстанның Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнатуға күш салғаны үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ален Симонян екі елдің әл-ауқаты мен өрлеуі жолында қазақ-армян қарым-қатынасын жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растады.
Қазақстан президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян мектеп-лицейіне барды
Жаңалықтар
0